№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау мәселелері тақыланды

Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау мәселелері тақыланды

Жаңақорған аудандық сотында соттың жасырын тергеу әрекеттерін санкциялауын реттейтін заң нормаларын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының №5 нормативтік қаулысын оқып үйрену үшін аудандық сот судьяларымен семинар сабағы өткізілді.
Семинар барысында аудандық сот судьясы Э.Рыскулов күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.
Ол өз баяндамасында жасырын тергеу әрекеті - бұл қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайларды анықтау үшін мүдделеріне қатысы бар адамдарға алдын ала хабарламай сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жүргізілетін әрекет екенін, жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылатынын атап өтті.
Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімі бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар бекіткен Қағидаларда айқындалады.
Жасырын тергеу әрекеттері іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайларды анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша заң мүлтіксіз сақталып және Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етіліп, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу талаптары сақталған және жүргізуге негіздер болған кезде жүзеге асырылатынын және жасырын тергеу әрекеттері істің мән-жайлары туралы ақпаратты өзге тергеу әрекеттері арқылы алу мүмкін болмаған жағдайларда жүргізілетініне тоқталды.
Семинар соңында аталған тақырып бойынша сұрақтар қойылып, оған толық жауаптар берілді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
28 тамыз 2021 ж. 270 0