Жаңақорған аудандық сотында судьялардың оқып-үйрену сабақтары өткізілді
Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында Жаңақорған аудандық сотының судьяларының кезекті семинар-сабағы өткізілді.
Семинар барысында аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы судья Ә.Түбекбаева «Қылмыстық теріс қылық туралы істер бойынша іс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.
Судья өз баяндамасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің хаттамалық нысаны, хаттама жасау тәртібі, хаттаманы сотқа жіберу тәртібі, қылмыстық теріс қылық туралы істерді сотта қараудың тәртібі мен мерзімдері жайлы мәселелерге тоқталды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық теріс қылықтар туралы істерді қарау барысында туындаған сұрақтар бойынша түсіндірме хатында көрсетілген мән-жайларды атап өтті.
Судьялар күн тәртібіндегі мәселемен қатар, сот актілерін жаңа форматта дайындау, сапалы сот актілерін қабылдау, тараптарға түсіндіру мәселелерін кеңінен талқылады.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.