» » КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

Жаңақорған аудандық сотында аудандық соттың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздігімнің тірегі-Ата заң» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға аудандық соттың төрағасы Ә.Түбекбаева мен судья И.Тұңғышбаев және сот мамандары, аудан прокурорының орынбасары, АПБ-нің тергеу бөлімінің басшысы, аудандық заң кеңес беру бөлімінің адвокаттары мен кәсіби медиаторлар қатысты.

Аудандық соттың төрағасы Ә.Түбекбаева шараны ашып, өз сөзінде Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы.
Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді.

Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы.
Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінетінін айтты.
Сондай-ақ Конституция «Жалпы ережелер», «Адам және азамат», «Президент», «Парламент», «Үкімет», «Конституциялық кеңес», «Соттар және сот төрелігі», « Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару», « Қорытынды және өтпелі ережелер» бөлімдерінен тұратын ережелерге тоқталды және аудандық сотпен Конституция күніне арнайы дайындалған бейнеролигі көрсетілді.
Шара соңында қатысушылар жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейтіндерін, ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын деген тілектерін білдірді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
27 тамыз 2021 ж. 551 0