№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Азаттығымыздың айғағы, болашағымыздың бағдары

Азаттығымыздың айғағы, болашағымыздың бағдары

        
Жаңақорған аудандық сотында «Азаттығымыздың айғағы, болашағымыздың бағдары»» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
         Іс-шараға аудандық соттың Кеңсе меңгерушісі сот қызметкерлері қатысты.
         Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева дөңгелек үстелді ашып, өз сөзінде адамдар құрған қоғам үшін біртұтас заңның болуы он сегіз мың ғаламға ортақ заңдылық қандай қажет болса, дәл сондай қажет екенін айта келе өз кезегінде аудандық соттың жетекші маманы Р.Беркинбаевқа баяндама жасау үшін сөз берді.
         Аудандық соттың жетекші маманы Р.Беркинбаев өз баяндамасында мемлекетті сақтайтын да, дамытатын да-іргесі берік, ізгілігі ерен Заңдар жинағы екенін, біздің еліміздің өз Конституциясын Ата заң деп атауы терең ақылға негізделген. Өйткені, қазақ үшін ата сөзі қашан да қадірлі деді.
         Еліміздің Ата Заңы адамзат баласының жүздеген жылдар бойы қалыптасқан жалпы құндылықтарын  өз бойына сіңірді. Біздің тәуелсіздігіміздің кепіліне айналған Конституция-бабалардың даналығы мен қазіргі заманғы рухын бірлестіре үйлестірген, жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың теңдігін тегіне қарамастан бекіткен ұлы құжат болды деп айтып өтті.
          Дөңгелек үстелді қорыта келе, саясаты салмақты, экономикасы әлді, қорғанысы мығым, келешегі кемел еліміз Ата Заңның аясында өркениетті елдермен терезесі тең мемлекет есебінде жарқын болашаққа қарай нық қадам басып келеді деп қорытындылады.
         Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
10 қыркүйек 2018 ж. 1 022 0