№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ата заңым-азат елдің айбары

Ата заңым-азат елдің айбары

30 тамыз егеменді еліміздің ұлы тарихынан орын алатын бүкілхалықтық мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
Осыдан 26 жыл бұрын тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Ата Заңы қабылданды. Дәлірек айтсақ, 1995 жылдың 30 тамызы күні бүкілхалықтық референдумда қабылданды.
Конституция мемлекетті шын мәніндегі бақытты қоғамға бастауға қабілетті құндылықтарды өмірге әкелуге қуаты мен ықпалы жетерлік тарихи құжат. Мұнда мемлекеттік басқару мен бұқаралық биліктің үйлесімді түрде ұштасуы бар. Еліміздің Ата Заңы қоғамдық құндылықтың алтын арқауы және мемлекеттік биліктің бастауы.
Ата Заң – бізді өткенмен де, болашақпен де байланыстырып тұрған алтын арқау іспеттес. Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 тараудан, 98 баптантұрады.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАР
Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймыз.
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы.
Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі. Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.
Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Осы тұста Жаңақорған аудандық сотымен әзірленген Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне арнайы дайындалған бейнеролигі назарларыңызға ұсынылады.
27 тамыз 2021 ж. 517 0