Сот ғимаратына кіріп-шығу тәртібі түсіндірілді
Жаңақорған аудандық сотында «Сот ғимаратына кіріп-шығу және ішкі объектілік тәртібі туралы» тақырыбында семинар өткізілді.Шараның мақсаты-сот ғимаратына кіріп-шығу тәртібін қадағалау, ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
Аталған семинарға аудандық сот қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында аудандық соттың бас маман аға сот приставы А.Абдраимова баяндама жасады.
А.Абдраимова өз баяндамасында, сот қызметкерлеріне сотқа кіріп-шығу кезінде ереже талаптарын қатаң сақтау тиіс екенін, сонымен қатар сот ғимаратына кіріп-шығу тәртібін қамтамасыз ету бойынша Ережеде көрсетілген соттардың ішкі қауіпсіздігі ережелері және кіргізу режимінің негізгі қағидаларымен таныстырып өтті.
Сонымен қатар семинарға қатысушыларға істерге қатысты тараптармен процессуалдық емес қарым қатынасқа бармау, еңбек тәртібінің қатаң сақталуын, елдегі індеттің өршіп тұрғанын айтып, барынша карантин тәртібінің қатаң сақталуын, бет пердесіз (маскасыз) жүрмеу керектігін айтты.
Семинарға қатысушыларға сот ғимаратында қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету үшін «Сот ғимаратында және ғимарат аймағына кіріп шығуды қамтамасыз ету тәртібі туралы» Ережесінің талаптарын қатаң сақтауға нұсқаулық берілді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар аталған Ереженің негізгі қағидалары бойынша пікір алмасып, көкейде жүрген сұрақтарға жауап алды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.