Мемлекеттік қызметшілер әдебі және мінез-құлық нормалары тақырыбында семинар өткізілді
Жаңақорған аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі мен қызметкерлері қатысты.
Кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева семинарды ашып, өз сөзінде «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта негізгі мінез-құлық қағидалары қарастырылғанын, бұдан басқа, жұмыста мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудын негізгі аспектілері берілгені жөнінде айтып өтті.
Іс шара барысында баяндамашы мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді қатаң сақтауға міндетті екенін және мемлекеттік қызметшілерді осы нұсқаулықпен мұқият танысуға және күнделікті өмірде осы қағидаттарды басшылыққа алуға шақырды.
Семинарға қатысушылар заңнама түзетулерін және практикалық жүзеге асыру мақсатында енгізілген жаңалықтарға әрдайым семинар, дөңгелек үстелдер өткізу қажеттігін айтып, тиісті ұсынымдарды жасады.
Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызмет