» » Жаңақорған аудандық сотында оқып-үйрену сабағы өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында оқып-үйрену сабағы өткізілді


Жаңақорған аудандық сотында «Дауды сотқа дейін медиация тәртібімен шешу» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі мен  қызметкерлері қатысты.
Кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева семинарды ашып, өз сөзінде Қазақстанда «Медиация туралы» Заңның қабылдануы, оның жүзеге асырылуы, медиацияның қолданылуы, оның негізгі артықшылықтарына,  қағидаларына, сот ісін жүргізуде медиацияны қолдану ерекшеліктеріне тоқталды.
Сонымен қатар кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева аудандық сот өндірісінде медиация тәртібімен дауды реттеу арқылы аяқталған істерге тоқталды.
Семинарға қатысушылар заңнама түзетулерін және практикалық жүзеге асыру мақсатында енгізілген жаңалықтарға әрдайым семинар, дөңгелек үстелдер өткізу қажеттігін айтып, тиісті ұсынымдарды жасады.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
23 желтоқсан 2019 ж. 698 0