Медиация-дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы
Медиация рәсімі дауласқан тараптардың ымыраға келуін мақсат етеді.
10 жылдық тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген адам бірін-бірі ашуға булығып сотқа беріп жатады.
Азаматтық-құқықтық саладағы даулар мен дауларды шешудің маңызды рәсімдерінің бірі-татуластыру рәсімдері болып табылады.
Бүгінгі таңда соттарда қоғамдағы дау-жанжалдарды азайту мақсатында сотта да соттан тыс тәртіпте де медиация рәсімі қолданылып келеді.
Туындаған дауды шешудің ең жақсы тәсілі – даудан жалтару екені белгілі.
Мемлекетіміз азаматтардың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, дауды шешудің баламалы тәсілдерін заңнамалық деңгейде бекітті, соның бірі медиация болып табылады.
Осылайша, 2011 жылы 28 қаңтарда «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды және 2011 жылы 5 тамызда қолданысқа енгізілді.
Медиацияның мақсаты - дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.
Бүгінгі күні дауларды медиация арқылы шешу күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Бұл бағытта Жаңақорған аудандық сотымен біршама жұмыстар атқарылып келеді.
Мәселен, медиация рәсімін бұхара халыққа баспасөз арқылы насихаттау, түсіндіру, жеткізу және семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу тұрақты түрде жолға қойылған.
Осы ретте аудандық соттың халық арасында дауларды соттан тыс реттеудің жолдарын насихаттау мақсатында дайындаған бейнеролигі назарларыңызға ұсынылады.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.