» » «Медиация күніне» арналған онлайн семинар өткізілді

«Медиация күніне» арналған онлайн семинар өткізілді


Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылдану күні қарсаңында Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен "Медиация-татуласудың тиімді тәсілі" тақырыбында онлайн семинар өткізілді.


Аталған шараға аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы И.Тұңғышбаев және кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева, заң консультациясының адвокаты, кәсіби және кәсіби емес медиаторларының мүшелері қатысты.
Семинарға қатысушыларға аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы И.Тұңғышбаев семинарды ашып, медиаторларды төл мерекелері «Медиация» күнімен құттықтап, татуластыру рәсімдерін қолданудың аясын кеңейту бағытында белсенді жұмыс атқарып, дауды сотқа дейін және сотта шешуге атсалысып, елді бітімге шақырып жүрген медиаторлар қауымына аудандық соттың атынан ризашылығын білдірді.
Семинар барысында кәсіби медиаторлар «Медиация-дауды шешудің тиімді тәсілі» тақырыптарында баяндама жасап, медиацияның шығу тарихы, Қазақстанда «Медиация туралы» Заңның қабылдануы, оның жүзеге асырылуы, медиацияның қолданылуы, оның негізгі артықшылықтары, қағидаларына, сот ісін жүргізуде медиацияны қолдану ерекшеліктеріне тоқталды.
Шара соңында аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы И.Тұңғышбаев медиация рәсімінің кеңінен дамуына, тараптарды дауды бейбіт жолмен реттеуіне зор үлесін қосып жүрген кәсіби медиаторларға алғысын білдірді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
06 тамыз 2020 ж. 736 0