№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА "МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ" АРНАЛҒАН ШАРА ӨТКІЗІЛДІ‼

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА "МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ" АРНАЛҒАН ШАРА ӨТКІЗІЛДІ‼


Бүгін «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгеніне 10 жыл толуына және 5 тамыз Медиация күніне орай аудандық соттың бастамасымен және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан әкімдігінде іс-шара өткізілді.


Аталған шараға Жаңақорған ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е.Сұлтанбеков, аудандық соттың төрағасы Ә.Түбекбаева мен сот судьялары, кәсіби медиаторлар қатысты.

Салтанатты жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Сұлтанбеков ашып, дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын дамыту мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шараларды атап өтті.

Жиын барысында аудандық сот төрағасы Ә.Түбекбаева баяндама жасады.

Өз баяндамасында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауында мемлекеттің қатысуынсыз ымыраға келуге мүмкіндік беретін дауларды шешудің баламалы тәсілдерін одан әрі дамыту, яғни, медиация институтын дамыту міндеті де нақты белгіленгенін айтты. Сонымен қатар аудандық сот өндірісінде медиация тәртібімен дауды реттеу арқылы аяқталған істерге тоқталды.

Өз кезегінде кәсіби медиатор Е.Оразбеков дауларды шешудің тиімді нысандары, оларды азайту үшін аудандық сот пен кент әкімдігінде медиация кабинеті жұмыс жасап келетінін, бүгінгі таңда аудан көлемінде медиация тәртібімен көптеген даулардың тиімді шешіліп жатқанын, отбасыларды жарастырып, бизнес серіктестер арасындағы кикілжінді реттеп, іскерлік қарым қатынасты сақтап қалуға да өзінің септігін тигізіп, тиімділігін дәлелдеп келетінін айтты.

Сонымен қатар жиын барысында кәсіби медиаторлар А.Баймұратов, А.Жәнібеков пен О.Жамалханов «Медиация немесе дауды баламалы шешу артықшылығы» медиацияның шығу тарихы, Қазақстанда «Медиация туралы» Заңның қабылдануы, оның жүзеге асырылуы, медиацияның қолданылуы, қағидалары, сот ісін жүргізуде медиацияны қолдану ерекшеліктеріне тоқталды.

Сондай-ақ шара барысында аудандық соттың халық арасында дауларды соттан тыс реттеудің жолдарын насихаттау мақсатында дайындаған бейнеролигі көрсетілді.

Жиын соңында медиация рәсімінің кеңінен дамуына, тараптарды дауды бейбіт жолмен реттеуіне зор үлесін қосқан аудандық сот судьялары И.Тұңғышбаев пен Э.Рыскулов, кәсіби медиаторлар О.Ускенбаева, О.Жамалханов, А.Баймұратов, Б.Алиев, А.Жәнібеков, Қ.Байтілейова, Е.Оразбеков аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Ақпарат:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
05 тамыз 2021 ж. 347 0