СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде көптеген елдер үшін өзекті мәселеге айналып отыр. Соның ішінде біздің еліміз де жемқорлықпен күресті жыл өткен сайын күшейтіп келеді. Бүгінде сот тәжірибесінде сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар жиі кезедеседі. Мұндай даулар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) мен «Сақтандыру қызметі туралы» заңға сай реттеледі.
Дерек көздеріне сүйенсек, сақтандыру жүйесінің тарихы тереңде екенін аңғару қиын емес. Мәселен, осыдан 3,5 мың жыл бұрын Вавилон патшасы Хаммурапи тасқа қашап сақтандырудың заңды негіздерін бір жүйеге келтірген. Бұл тарихта Хаммурапи заңы деген атаумен қалған. Аталған заң барлығы 282 баптан тұрса, оның 55 бабы сақтандыру жүйесін қамтыған. Ал, біздің елімізде сақтандыру тұңғыш рет кеңес өкіметі орнағаннан кейін енгізіліп, сақтандыру мемлекеттік іске айналған.
Мәселен еліміздің Қылмыстық кодексіне сай, пара алғандар бас бостандығынан айырылып қоймай, сыйақының 50-80 еселенген сомасын қайтаруы талап етілуде. Сонымен қатар, заң бұзғандар өмір бойы мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Пара алған да, пара берген де, парақорлыққа делдал болған да жазасыз қалмайды. Дүниеге, ақшаға қызығушылық болған жерде бұл қылмыс жалғаса береді. Ал, оны түбегейлі жою үшін әуелі сананы өзгерткен дұрыс.
Олай дейтініміз, жемқорлыққа ең жоғары жазаға тағайындаған бір ел болса, ол – Қытай. Мұнда сыбайластыққа жол бергендер өлім жазасына кесіледі. Бірақ, жазаның қаталдығының өзі Қытайдағы жемқорлыққа тыйым сала алмауда. Жыл сайын өлім жазасына кесілгендердің бәрі заңды қатайту арқылы қылмысты тежеуге болмайтынын көрсетеді.
Сондықтан жемқорлықпен күрес кешенді түрде жүргізілуі керек. Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіріп, қазына қаржысына қол салушыларға то сқауыл қоюда сыбайлас жемқорлық индексі бойынша төменгі нәтижеге ие елдердің тәжірибесін қолданысқа енгізуіміз керек. Мәселен мектептен бастап қылмыстылыққа қарсы сана қалыптастыру сабақтары жүргізілуі керек. Мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеру, мерейін өсіру, беделін арттыру жұмыстары да баста назарда болғаны жөн. Себебі, әрбір бала мектеп партасынан бастап мемлекеттік қызметтің ең қадірлі, ең жауапты орын екенін, олар халықтың қызметшісі екенін ұғынып өсуі керек. Біздің елімізде жаңа технологияны қолдану арқылы ашықтықты қамтамасыз етудің бастапқы алғышарттары жасалған. Ендігі кезекте жемқорлыққа қарсы иммунитетті мектеп жасынан бастап қалыптастыруға, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеруге күш салған жөн. Сонда ғана жазасыз-ақ жемқорлыққа күшті тосқауыл қоюға болады.
Исағали Тұңғышбаев, Жаңақорған аудандық сотының судьясы