№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Әлемді әбігерге салған індет

Әлемді әбігерге салған індет


Бүкіл әлемнің коронавируспен күрескеніне 2 жылға жуықтады. Осы уақыт аралығында 200 миллионнан астам адам індеттің ілмегіне ілініп, 4 миллион 300 мың адамның өмірі қиылды. Бұл мәліметті әлем мемлекеттерінің денсаулық сақтау ұйымдары тіркеген ресми санақ. Ал санаққа енбей қалғандары қаншама. Осы уақытқа дейін 650 мың қазақстандықтың індет жұқтырғаны анықталып отыр. Әрине бұл ресми дерек, ал емхана мен ауруханаларға бармай үйде жатып ауырғандардың саны бұдан да көп десек те болатындай.


Ауру күшейген барлық ел алдымен екпеге үміт артты. Әлем елдері дайындаған 250-ге тарта вакцинаның тек 10-нан астамы клиникалық сынақтан сәтті өтіп, қолданысқа енді. Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінге дейін барлық әлем елдерінің тек 10 пайызы ғана вакциналанған, десе де жыл соңына дейін 30 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Иә, екпе індеттен 100 пайыз қорғай алмайды. Десе де ауруға төтеп берудің жалғыз амалы. Сондықтан да дерттің дендеуіне байланысты екпе салдыру міндеттеліп отыр.
Италия мемлекетінде бұқаралық іс-шараларға тек коронавирусқа қарсы вакцина алған адамдар ғана жіберіледі. Ал Біріккен Араб Әмірліктерінде вакцина алмаған азаматтарға мемлекеттік және жеке мектептерге, университеттерге, балабақшаларға, сауда орталықтарына, мей­рамханаларға, кафелерге, спорт залдарына, музейлерге, курорттарға және басқа да сауда нүктелеріне кіруге тыйым салынады.
Ал Бразилияда жоғарғы федералды сот ресми түрде билікке коронавирусқа қарсы ерікті вакциналау күтілетін нәтиже бермесе, вакциналауды міндеттеуге рұқсат берді. АҚШ-та жұмыспен қамтудың тең мүмкіндіктері жөніндегі комиссия азаматтардың өтініші бойынша жұмыс берушілер өз қызметкерлерін COVID-19 вакцинасын алуға мәжбүр ете алады деп шешті.
Индонезияда вакцинаны қаламағандар үшін айыппұлдар мен әлеуметтік көмектен бас тарту жүйесі енгізілді. Бельгияда 13-тамыздан бастап 1500 ден астам адам қатысатын ашық іс-шаралар вакциналау сертификаты жоқ адамдар үшін шектеулі болады. Австралияда бірқатар мамандық үшін міндетті вакциналау енгізілді. Вакцинасыз қарт адамдарға күтім жасауға байланысты мекемелерде жұмыс істеуге болмайды. Ливан­дағы мейрамханалар мен жағажайлар 2 тамыздан бастап тек вакциналанған адамдарды қабылдайды. Жаңа ережелер 16 жастан асқан барлық азаматтарға қолданылады. Сондай-ақ, 2 тамыздан бастап туризм саласының барлық қызметкерлері жұмысқа тек QR-код көрсету арқылы шыға алады.
Ал Қазақстанда коронавирусты 5097 адам жеңіп шықса, 7117 адам бір тәулікте осы ауруды жұқтырған. Мұны елдегі жиын-тойлардың көптігімен байланыстырсақ болатындай. Сондай-ақ қоғамдық орындарда бейберекет жүрген жандардың арақашықтық сақтамауы себеп болып тұр.
Осы кезге дейін Қызылорда облысы бойынша 14 762 адамның вирус жұқтырғаны анықталса, 11 900 адам дертті жеңіп шыққан. Иә, аурумен күрес ұдайы жүргізілуде. Бүгінде Жаңақорған ауданы бойынша 1220 адамның 920-сы індетті жеңіп шыққан.
Бүгінде қоғамдық орындардың барлығы дерлік Ashyg қосымшасымен кіргізіуде. Ал 1 қыркүйектен бастап бұл қосымша мектептерге де енгізіледі. Мұнда науқаспен байланыста болған немесе ПТР тестпен індет жұқтырғаны анықталған қызметкерлерді мектепке жібермеу маңызды болып тұр. Мектепке мұғалімдермен қоса ата-аналар да қосымша арқылы кіргізіледі.
Айта кететін жәйт, ауданның бас эпидемиолог-дәрігері Асқан Отарбектың айтуынша, бүгінгі таңда ауданда 259 науқастың ем алып жатыр. Ал үй жағдайында бақылауда 153 науқас, жұқпалы аурулар бөлімінде 49 науқас емделуде екен. Сондай-ақ аудан халқының екпе алуға тиісті 35 010 адамның 21 688-і 1-турын, 17 411-і 2-турын алғанын мәлімдеді.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
24 тамыз 2021 ж. 705 0