№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Вакцина салу – міндет

Вакцина салу – міндет

Вакцинация сәтті болғанына қарамастан, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты адамзатқа қауіп төніп тұр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлімдеді. Бұл жөнінде «РИА Новости» жазды.
ДДСҰ басшысының айтуынша, COVID-19 жағ­дайының көбеюіне адамдардың әлеу­меттік байланыстарға қойылатын шектеулерді тоқтатуы, денсаулық сақтау жүйелерінің біркелкі жұмыс істемеуі және вакцинация жылдамдығының біркелкі еместігі себеп.
Бір күн бұрын Гебрейесус қыркүйектің соңына дейін қайта вакцинацияға уақытша мораторий енгізуге шақырған-ды.
Тедрос Гебрейесус дабыл қағуына негіз бар. Себебі, коронавирус жаһан жұртының 201 миллионына жұғып, одан 5 миллионға жуық адам бақилық болды.
Әлемнің алпауыт елі – АҚШ-тың өзі вирусқа қауқарсыз болып шықты. Ресми Вашингтон 35 миллион американдықтан вирустың белгілері анықталғанын растап отыр.
Үндістан, Бразилия, Ресей, Франция және Англияда эпидемиологиялық ахуал әлі күрделі жағдайда. Қорқыныштысы, вирус жұғудан көш бастап тұрған алғашқы үш ел де біздің халықтың санынан көп.
4 тамызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 413 жағдайы және 26 өлім жағдайы тіркелді. 2020 жылдан ел бойынша ауырғандар саны – 62564, оның 3840-і өлді.
Мамандар коронавирусты жеңудің бір ғана жолы бар екенін айтты, ол – вакциналау.
Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус ескертіп, вирустың тез таралуына әлем елдерінің вакциналауды бір уақытта жүргізбеуі себеп деп санайды.
Демек, елдегі вакцина салу бір мезгілде жүргізілсе оның оң әсері мол.
Қазір ақпарат құралдары халықтың 80 пайызы вакцина салдырмағанша карантинді жеңілдетпеу керек деген мамандардың пікірін беруде. Дәрігерлер вакцина індеттен 100 пайыз қорғамаса да, ауыр халге түсуден сақтайды дегенді алға тартады. Ал, қауіпті дерттің құрығына ілінгендер екпе алмағандар екені белгілі болуда.
Осыны ескерейік, құрметті жерлестер!
07 тамыз 2021 ж. 490 0