№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлемде індет өршіп тұр

Әлемде індет өршіп тұр

Коронавирустың екінші толқынында елімізде 50 мыңнан астам адам ауруы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының «Ашық алаң» бағдарламасында айтты. Расында вирустың екінші толқыны соқса қайтеміз? Әлем қазірдің өзінде қауіпті індет салдарынан әлі тұрақтана қойған жоқ.

ВВС NEWS ақпарат агенттігінің хабар­лауынша, 25 миллионнан аса адам кеселді жұқтырса, оның 847 мыңға жуығы өлді. АҚШ өлім көрсеткіші жағынан алдыңғы орында тұр. Бүгінге дейін онда 182610 адам көз жұмған болса, Бразилияда 120 828, Үндістанда 64469 адам көз жұмды. Ал көрші Ресей мемлекетінде осыған дейін 995319 адамнан вирус анықталса, 809387-ы жазылып шықты, 17176-ы өлді. Әлемдегі статистикалық мәліметтер әлі де босаңсуға болмайтынын көрсетіп тұр.
Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау жөніндегі министрі Михаил Мурашконың айтуынша, науқастарға қараша, желтоқсан айында вакцина салынады. Бұған дейін 40 мың адам вакцина салдыруға өтініш білдірген-ді. Алғаш қолданысқа енгізілген вакцинаның атауы «Спутник V» деп аталады. РФПИ басшысы Кирилл Дмитриев осы уақытқа дейін қорға әлемнің 20 елінен өтініш түскенін айтты. Ал Ресей әлемдегі ең мықты бес мемлекетке 500 миллион данасын шығаруға қауқарлы.
Көрші Қырғыз Республикасында бір тәлікте 500 науқасқа дейін тіркеліп, ауру қауіптілігін көрсетуде. Бұл жайлы regnum.ru сайты хабарлады. Көрші мемлекетте ауырған науқастардың дені медицина қызметкерлері екені анықталды. Бүгінде оларға мемлекет тарапынан көмек берілуде.
Францияда осы аптада тағы бір рекорд тіркелді. Яғни тәулігіне 4,771 адам коронавирусты жұқтырғаны белгілі болды. Дегенмен медицина мамандарының белсенділігінің салда­рынан өлген адамдар тіркел­ген жоқ. Мұнда науқастардың көптеп тіркелуі жағажай кештері мен түнгі өмірдің белсенділігімен байланыстырылып отыр. Дәл осындай жағдай Испания елінде де белең алуда. Әсіресе елдің солтүстігінде аурудың жаңа ошақтары көбеюде. Денсаулық сақтау министрлігі пандемия басталғалы тіркелгендер саны 400 мыңнан асқанын хабарлауда.
Эпидемиядан ең көп зардап шеккен ел Италия болса, олар вирустың екінші толқынына дайындыққа ерекше мән беруде. Әсіресе әуежай қызметтерінде сақтық шаралары қатаң бақылауда. Ал келуші туристерге міндетті сынақтар енгізілді. Алайда өзін-өзі оқшаулаудың жаңа шараларын енгізу жоспарланған жоқ. Сондай-ақ білім күнінде білім ордаларына да шектеу қойылмады.
COVID-19 әлі де әлем елдерін алаңдатып отыр. Бұл туралы БҰҰ-ның бас хатшысы Антонио Гутерриш те хабарлады. Әсіресе адам көп шоғырланған қалалық аймақтарда көбірек тіркелгендігі мәлім болып отыр. Яғни ауру жұқтырғандардың 90 пайызы ірі қалаларда орын алған.
Коронавирус Испания, Англия, Иран, Оңтүстік Африка Республикасы, Мексика, Перу, Колумблия, Аргентина және т.б елдерді тығырыққа тіреп отыр. Бұл елдерде 300-ден 800 мың адамға дейінгі тұрғыны вирустың залалы мен зардабын сезініп отыр.
Сарапшылар мұның күзде COVID-тің екінші толқыны болатынынан хабар беретінін алға тартуда.
Адамзат баласын дүк сілкіндіріп, қалыпты дағдыдан айырған вирус кесірінен әлемді қалпына келтіру дәл қазір мүмкін болмай тұр. Барынша қауіпсіздік шараларын сақтап, көпшілік шоғырланатын жерлерге бармау арқылы ғана біз індеттен өзімізді және жақындарымызды арашалай аламыз.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА

05 қыркүйек 2020 ж. 456 0