№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Жаңақорған адудандық соты бірінші жартыжылдықты қорытындылады

Жаңақорған адудандық соты бірінші жартыжылдықты қорытындылады

Жаңақорған аудандық сотында БАҚ өкілінің қатысуымен 2021 жылдың 1-жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «WhatsApp» мобильді қосымшасының көмегімен онлайн режимінде баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева, жергілікті өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаев қатысты.
Шара барысында аудандық сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева 2021 жылдың 1-жартыжылдықта атқарылған жұмысы жайлы баяндады.
Аталған мерзімде аудандық сотта барлығы 538 іс қаралып, аяқталған.
Оның ішінде: Азаматтық-252 іс
Қылмыстық-34 іс
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы-252 іс.
Аяқталған 252 азаматтық істер
бойынша:
-сот бұйрығы-44
-шешім-133
-тоқтатылған іс саны-44
-қараусыз қалдырылған арыз-30
Тоқтатылған азаматтық істердің:
-медиация бойынша-32
-партисипативтік рәсіммен (адвокаттардың жәрдемдесуімен)-2
-татуласу келісімі жасалған-5 іс аяқталған, яғни тараптар татуласқан.
Азаматтық істер бойынша ең көп қаралған даулар:
-шарт бойынша міндеттемеден туындаған даулар (банк заем шарты, қарыз ақша өндіру)-163
-неке бұзу-67
-кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу үшін алимент өндіру жайлы талаптар-44
-заңдық маңызы бар фактіні анықтау жайлы арыздар-33
Қылмыстық істер бойынша
(аяқталғаны-34)
Үкім шығару арқылы-27 іс
Тоқтатылған-5 (медиация тәртібімен
татуласқан-4)
Соттылығы бойынша жолданған-1
Прокурорға қайтарылған-1
Сотталған адам саны-35.
Оларға тағайындалған жаза:
Айыппұл-1
Қоғамдық жұмысқа тарту-2
Бас бостандығын шектеу-14
Бас бостандығынан айыру-14
Шартты жаза (ҚК-нің 63 бабы бойынша) -4
Аяқталған істердің санаттарын
тоқталсақ,
Онша ауыр емес қылмыс-3
Ауырлығы орташа қылмыс-7
Ауыр қылмыс-25
Аяқталған қылмыстық істердің ең көп қаралған қылмыс санаты:
-ҚК-нің 346-бабымен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғаның алкогольді масаң күйде көлік басқаруы-5 іс бойынша 5 адамға қатысты үкім шығарылған (5 сотталушыға да бас бостандығынан айыру және көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы қолданылған).
-ҚК-нің 188-бабы, ұрлық, яни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру-10 іс.
188-1бап, мал ұрлығы-5 іс
Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша: (аяқталғаны- 252 )
Жаза тағайындалғаны-215
Тоқтатылған іс саны-37
Тараптардың татуласуына байланысты
медиация тәртібімен тоқтатылған-24
Жаза тағайындалғандар (негізгі жаза):
Айыппұл-126
Ескерту-17
Қамаққа алу-60
Көлік құралын басқару құқығынан
айыру-7
Қазақстан Республикасының шегінен
әкімшілік жолмен шығарып жіберу-5
Сондай-ақ көлік құралын басқару
құқығынан айыру қосымша жаза ретінде
-38 адамға қолданылған.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ең көп
қаралған санаты:
-көлік құралын алкогольді масаң күйде
басқару-47
-жол қозғалысы ережелерін бұзып,
жәбірленушінің мүлкіне зиян келтіру
немесе денсаулығына жеңіл зиян
келтіру-35
Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын, оның ішінде ұрып-соғу, отбасы-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамды ұрып соғу-24
Есепті мерзімде сотпен азаматтық істер бойынша -3 жеке ұйғарым, қылмыстық іс бойынша-9, әкімшілік құқық бұзушлық туралы істер бойынша-22 жеке қаулы қабылданған.
Қазақстан Респуликасы Жоғарғы Сотының сайтына 55 материал жолданып, оның 18 жарияланған, бұқаралық ақпарат құралдарына судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің 84 мақалалары жарияланып, 4 брифинг, 2 прес-конференция өткізілген, 4 дөңгелек үстел, 9 семинар сабағы ұйымдастырылған.
Жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің талаптарын түсіндіру мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, сот төрағасы Ә. Тубекбаева облыстық «Қызылода» телеарна және «Қоғам» телеарнасына жаңа Кодекс талаптары бойынша сұқбат беріп және аудандық сотының судьясы И.Тұңғышбаев өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетіне «Әкімшілік әділет-дауларды шешудің тың тетігі» атты сұхбат берді.
Сондай-ақ аудандық сотының төрағасы Ә.Түбекбаева өзінің жеке парақшасында яғни «Facebook» әлеуметтік желісінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет жұмыстың жаңа форматына көшу» туралы, «Жаңа заңнама-жаңа талап» атты, «Жаңа кодекс жаңа соттар жаңа көзқарас» туралы, «Күн тәртібінде жаңа заңнама» атты, «Басты міндет-елге қызмет» туралы (посттар) жариялады.
Осы жылдың 18.06.2021жылы аудандық сотының төрағасы Ә.Түбекбаева Қызылорда облысы әкімдігінің Өңірлік Коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі бойынша брифингке қатысты.
Сот төрағасы баспасөз өкіліне ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі жайлы: оның ішінде әкімшілік сот ісін жүргізу, соттың белсенді ролі, сот бақылауы туралы мәліметтер берді.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, баспасөз өкілінің туындаған сұрақтарына жауап бере отырып, алғысын білдірді.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
10 шілде 2021 ж. 129 0