Жаңақорған аудандық соты бірінші тоқсанды қортындылады
Жаңақорған аудандық сотында БАҚ өкілінің қатысуымен 2021 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша «WhatsApp» мобильді қосымшасының көмегімен онлайн режимінде баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева, жергілікті өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаев қатысты.
Шара барысында аудандық сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева 2021 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмысы жайлы баяндады. Аталған мерзімде аудандық сотта барлығы 253 іс қаралып, аяқталған.
Оның ішінде: Азаматтық-117 іс
Қылмыстық-13 іс
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы-123 іс.
Аяқталған 117 азаматтық істер бойынша:
-сот бұйрығы-21
-шешім-58
-тоқтатылған іс саны-23
-қараусыз қалдырылған арыз-15
Тоқтатылған азаматтық істердің:
-медиация бойынша-18
-партисипативтік рәсіммен (адвокаттардың жәрдемдесуімен)-1
-татуласу келісімі жасалған-2 іс аяқталған, яғни тараптар татуласқан.
Азаматтық істер бойынша ең көп қаралған даулар:
-шарт бойынша міндеттемеден туындаған даулар (банк заем шарты, қарыз ақша өндіру)-29
-неке бұзу-23
-кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу үшін алимент өндіру жайлы талаптар-19
-заңдық маңызы бар фактіні анықтау жайлы арыздар-11 .
Қылмыстық істер бойынша (аяқталғаны-13)
Үкім шығару арқылы-10 іс
Тоқтатылған-1 (медиация тәртібімен татуласқан-1)
Соттылығы бойынша жолданған-1
Прокурорға қайтарылған-1.
Сотталған адам саны-12. Оларға тағайындалған жаза:
Айыппұл-1
Бас бостандығын шектеу-5
Бас бостандығынан айыру-5
Шартты жаза (ҚК-нің 63 бабы бойынша -1
Аяқталған істердің санаттарына тоқталсақ,
Онша ауыр емес қылмыс-1
Ауырлығы орташа қылмыс-1
Ауыр қылмыс-11.
Аяқталған қылмыстық істердің ең көп қаралған қылмыс санаты:
-ҚК-нің 346-бабымен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғаның алкогольді масаң күйде көлік басқаруы-3 іс бойынша 3 адамға қатысты үкім шығарылған (3 сотталушыға да бас бостандығынан айыру және көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы қолданылған).
-ҚК-нің 188-бабы, ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру-2 іс.
Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша: (аяқталғаны- 123 )
Жаза тағайындалғаны-109
Тоқтатылған іс саны-14
Тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылған-9
Жаза тағайындалғандар (негізгі жаза):
Айыппұл-67
Ескерту-7
Қамаққа алу-32
Көлік құралын басқару құқығынан айыру-2
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу-1
Сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айыру қосымша жаза ретінде -19 адамға қолданылған.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ең көп қаралған санаты:
-көлік құралын алкогольді масаң күйде басқару-22
-жол қозғалысы ережелерін бұзып, жәбірленушінің мүлкіне зиян келтіру немесе денсаулығына жеңіл зиян келтіру-22
Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын, оның ішінде ұрып-соғу, отбасы-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамды ұрып соғу-8
Есепті мерзімде сотпен азаматтық істер бойынша -2 жеке ұйғарым, қылмыстық іс бойынша-4, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша-10 жеке қаулы қабылданған.
Қазақстан Респуликасы Жоғарғы Сотының сайтына 15 материал жарияланған, бұқаралық ақпарат құралдарына судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің 46 мақалалары жарияланып, 2 брифинг, 1 прес-конференция өткізілген, 3 дөңгелек үстел, 5 семинар сабағы ұйымдастырылған.
Сондай-ақ аудандық сотпен жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің талаптарын түсіндіру мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, сот төрағасы Ә.Түбекбаева «Заң газеті» мен «Ақиқат арнасы» газеттеріне және «Заңгер» журналына, судья Э.Рыскуловтың «Заң газетіне», кеңсе меңгерушісі Б.Налибаеваның жергілікті «Жаңақорған тынысы» газеттеріне жаңа Кодексті насихаттау бойынша мақалалары жарияланды.
Сонымен қатар сот төрағасы Ә. Тубекбаева облыстық «Қызылорда» телеарна және «Қоғам» телеарнасына жаңа Кодекс талаптары бойынша сұқбат берді.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, баспасөз өкілінің туындаған сұрақтарына жауап бере отырып, алғысын білдірді.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі