Құрылтай

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды


Жаңақорған аудандық сотында 04 сәуір 2018 жылы азамат У.  қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-2 бабының1 бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, құқық  бұзушы  У. Жаңақорған кенті, Саяжай №7 көшесі, №27 үйдің ішінде әйелі С. ұрып, тән ауруына ұшырататын, ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасағаны анықталды.
Сотта қарау барысында құқық бұзушы У. кінәсін толық мойындап, зайыбы С. кешірім сұрап, онымен медиация тәртібімен татуласуына байланысты, әкімшілік жауаптылықтан  босатуды және іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Аудандық соттың 4 сәуір 2018 жылғы қаулысымен құқық бұзушы У. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-ің 64 бабының 1 бөлігінің негізінде жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылып, әкімшілік ісі өндірістен медиация тәртібімен тоқтатылды.
Б.Қалдыбаев,
Жаңақорған аудандық сотының маманы.
18 сәуір 2018 ж. 1 055 0