Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сіздің балаңыз қалай сөйлейді?

Сіздің балаңыз қалай сөйлейді?


Мойындайсыз ба, бүгінде балалар арасында тілінде кемісі барлар өте көп. Дыбыстарды дұрыс, әрі анық айта алмайтын бүлдіршіндерді күнделікті кездестіріп қаламыз. «А» дейді, «Б» дейді, «Р» - ға тілі келмейді деген тақпақ бар емес па еді? Бес-алты жастағының бірқатары «р»-ды «ыл», «ш» ны «с», «ж»-ны «з» деп айтады. Егер осы жастағы балалар дыбыстарды дұрыс айтпаса алаңдауға негіз бар. Әрбір ата-ана баласынан осындай тіл мүкістігін байқаса, міндетті түрде логопед мамдарға жүгіну қажет.


Байқасаңыздар, бала бір жаста «ата», «әже», «мамалап» сөйлей бастайды. Ғалымдардың зерттеуінше, бұл жаста балалар он шақты сөзді айта бастауы қажет. Баланы сөйлету, сөздік қорын дамыту ата-аналардың олармен көбірек сөйлесуі нәтижесінде пайда болады. Сәбидің тілі «га-га», «гу-гу» деп шыға бастағаннан-ақ көңіл бөліп, дамуына бейжай қарамау керек. Дамыған шет елдердің мектептерінде балаларға гаджеттер беруге мүлдем тыйым салынған.
Меніңше, бүгінде тіл мүкістігінің басым көпшілігі туабіткен кемістіктен пайда болып жатқан жоқ. Қазір ата-аналардың уақыт тапшылығын сылтау қылып баланы дамытумен айналыспайтыны рас. Бұрын ата-әжелер баланың әрбір қылығына ерекше мән беріп, оларды сөйлететін. Бала «ма», «па», «ла» , «га-га», «гугумен» дамиды. Ал, қазір балалар ата-әженің емес, түрлі гаджеттердің тәрбиесіне үңілетін болды. Көбінде, ата-аналар баласына жылтыраған киімдер кигізіп, қалаған заттарын сатып әперсем, оның жағдайын жасадым деп ойлайды. Күн ұзаққа теледидарға телміртіп, мән-мағынасы жоқ мультфильмдерді қосып қояды. Арнайы уақыт бөліп, бүлдіршіннің дамуына немқұрайлылық танытады. Бүгінде тіл мүкістігінің көбейгені осының салдары десек қателеспейміз.
Расымен де, заман өзгерген сайын баланың тәрбиесі де өзгерді. Бұрын балалар аулада жалаң аяқ құмның ортасында ойнап өсті. Оларды үлкендер қуалап жүріп үйге әзер кіргізетін. Ал, қазір олай ойнаған баланы кездестірмейтініміз рас. Керісінше, бүгінде балаларды үйден шығара алмайсың. Асыр салып аулада асық ойнағандарды мүлдем көрмейміз. Тіпті, асықтың не екенін білмейтіндер де кездеседі. Бұл мәселеге тоқталып отырғанымыздың басты себебі, «р» ды баланың «ыл» деуінің сыры осы ұлттық әдет-ғұрыптан ажырағандықта да жатыр.
Егер сәбиіңізге жаңылтпаш, мақал-мәтелдер тыңдатып, ертегі мен батырлар жырымен сусындап өсірсеңіз балада тіл мүкістігі бола бермейді.
Олай болса, тақырыпқа арқау болған осынау мәселенің алдын алу ұлттық тәрбиеден бастау алатынын естен шығармаған жөн. Ал, сіз балаңызды қалай тәрбиелеудесіз?

Ақжібек Жүсіпбекова,
Логопед дефектолог
21 шілде 2021 ж. 502 0