Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сіздің балаңыз қалай сөйлейді?

Сіздің балаңыз қалай сөйлейді?


 Мойындайсыз ба, бүгінде балалар арасында тілінде кемісі барлар өте көп. Дыбыстарды дұрыс, әрі анық айта алмайтын бүлдіршіндерді күнделікті кездестіріп қаламыз. «А» дейді, «Б» дейді, «Р» - ға тілі келмейді деген тақпақ бар емес па еді?  Бес-алты жастағының бірқатары «р»-ды «ыл», «ш» ны «с», «ж»-ны «з» деп айтады. Егер осы жастағы балалар дыбыстарды дұрыс айтпаса алаңдауға негіз бар. Әрбір ата-ана баласынан осындай тіл мүкістігін байқаса, міндетті түрде логопед мамдарға жүгіну қажет.

  Байқасаңыздар, бала бір жаста «ата», «мамалап» сөйлей бастайды. Ғалымдардың зерттеуінше, бұл жаста балалар он шақты сөзді айта бастауы қажет. Баланы сөйлету, сөздік қорын дамыту ата-аналардың олармен көбірек сөйлесуі нәтижесінде пайда болады. Сәбидің тілі «га-га», «гу-гу» деп шыға бастағаннан-ақ көңіл бөліп, дамуына бейжай қарамау керек. Дамыған шет елдердің мектептерінде балаларға гаджеттер беруге мүлдем тыйым салынған. Финляндияда балаларды партада отырғызып қана оқытпай, жалаң аяқ ойнатып, сабақты әртүрлі форматта өткізу дәстүрлері қолға алынуда. Негізінен мұның бәрі – қазақтың ұлттық педагогикасында бар дүниелер. Бізде жоғалып бара жатқан осынау үрдістерді қайта жаңғырту қажет.
Меніңше, бүгінде тіл мүкістігінің басым көпшілігі туабіткен кемістіктен пайда болып жатқан жоқ. Қазір ата-аналардың уақыт тапшылығын сылтау қылып баланы дамытумен айналыспайтыны рас. Бұрын ата-әжелер баланың әрбір қылығына ерекше мән беріп, оларды сөйлететін. Бала «ма», «па», «ла» , «га-га», «гугумен» дамиды. Ал, қазір балалар ата-әженің емес, түрлі гаджеттердің тәрбиесіне үңілетін болды. Көбінде, ата-аналар баласына түрлі дәмді тамақтар беріп, жылтыраған киімдер кигізіп, қажетті заттарын сатып әперіп, материалдық жағынан толықтырып отырсам, оның жағдайын жасадым деп ойлайды. Теледидарға телміртіп қояды. «Жыламаса болды» деседі. Ал, шындығында олар бұл әрекеті арқылы жас ұрпаққа рухани азық беруде олқылық танытады. Бүгінде тіл мүкістігінің көбейгені осының салдары деуге болады.
Расымен де, заман өзгерген сайын баланың тәрбиесі де өзгерді. Бұрын балалар аулада жалаң аяқ құмның ортасында ойнап өсті. Оларды үлкендер қуалап жүріп үйге әзер кіргізетін. Ал, қазір олай ойнаған баланы кездестірмейтініміз рас. Топ болып аулада асық ойнағандарды мүлдем көрмейміз. Тіпті, асықтың не екенін білмейтіндер де бар. Бұл мәселеге тоқталып отырғанымыздың басты себебі, мамандардың айтуынша, «р» ды баланың «ыл» деуінің сыры осы ұлттық әдет-ғұрыптан ажырағандықта да жатыр.
Жоғарыда айтылғандай, ауыл балаларының сөйлеуінде мұндай мәселе жоқтың қасы. Өйткені, олар – сәби шақтан сүйек кеміріп, құрт сорып, жалаңаяқ құм басып, ата-әжесінің ертегісін тыңдап өскендер. Мұның барлығының баланы ерте жастан дамытуда, ой-өрісін дұрыс қалыптастыруда маңызы зор. Сондықтан, тіл мүкістігін алдын алуда бүгінде жоғалған ұлттық педагогиканың орнын толтырудың мәні бөлек. Дәрігерлер де асық ойындары баланың саусақтағы сезім, жүйке нүктелеріне әсер ететінін растайды.
Сәби шақтан жаңылтпаш, мақал-мәтелдер тыңдап, ертегі мен батырлар жырымен сусындап өскен баланың тіл мүкістігі болуы мүмкін емес.
Олай болса, тақырыпқа арқау болған осынау мәселенің алдын алу ұлттық тәрбиеден бастау алатынын естен шығармаған жөн-ау. Ал, сіз балаңызды қалай тәрбиелеудесіз?
АқжібекЖүсіпбекова
Логопед дефектолог
20 шілде 2021 ж. 514 0