Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қой қырқымынан қаржы табуға болады

Қой қырқымынан қаржы табуға болады




Құттықожа елді мекенінде тұратын Әріпхан ұстаны ауылдағы ағайын нағыз еңбектің адамы ретінде таниды. Әсіресе, қой қырқым кезінде бұл кісіні іздейтіндер көп. Ашатұяғы бар малшы қауым Әріпхан Ерғараевтың қызметіне жылына үш рет жүгінеді. Өйткені мал қырқым көктем, жаз және күз мезгілінде болады. Тынымсыз тірліктің бел ортасында жүрген онымен жүздесудің сәті түсті. Жазғы демалыс кезінде ұлдарын еңбекке баулып, жоғары білім алуына еңбек етіп жүрген қарапайым еңбек адамын әңгімеге тарттық.

Бүгінгі заманның талабы еңбеккердің кейпін кию, нәпақа табу. Яғни нарықтық қоғамға бейімделу. Қолы қимылдағанның табысы да, өнімі де өнетін тұста қарап қалуға болмайды. Біреуге алақан жайып, қайырым күтетін дәурен артта қалды. Қазір еңбек еткенге береді деген уақыт, әсіресе үш ай жазда мектеп оқушыларынан бөлек, студенттер, тіпті қызметте жүріп, еңбек демалысына шыққан азаматтар да қарап қалып жатқан жоқ. Қаржы табудың тетігін іздеген кей жастар тентіреп кетті, отбасын асырау үшін шет ел асып, маңдай тер төгіп келеді. Өйткені біздің елде бір жалақымен бір отбасын асырау, өмір сүру мүмкін емес.
 Ал қоғамда ата-анасының тапқанына тойып, күні бойы ұйықтап, кешкісін көше кезетін жастар, тіпті аға буын да аз емес. Олар бала-шағасына қандай үлгі бола алады. Осындай жатып ішер мен жалқауларға кейіпкеріміздің жолы өнеге болары анық.
– Шыны керек, қазір жұмыс жоқ емес бар, бірақ еңбекақың, жалақының құны төмен. Сондықтан қосымша жұмыс жасауға тура келеді. Мен де маусымдық жұмысқа бейімделгенмін, әсіресе ала жаздай құрылыс қызметінде, күзде түрлі маусымдық жұмысқа жегілемін. Төрт ұл, бір қызым бар, үшеуі студент, қалғандары мектепте оқиды, осы балалар тарықпасын, ортасынан кем болмасын, әсіресе білімін дұрыс алсын деп күні түні тыраштанып келеміз, – деді отағасы.
Жалпы Жаңақорған ауданында мал шаруасы қарқынды дамуда. Оның ішінде уақ малдың да үлесі зор, жаз мезгілінде тау беткейде қойшы қауымның қарасы көбейді. Қыстан аман шығып, жүні қалыңдаған қой мен қозыларды қырқымға жіберу кезінде кейде мамандар тапшы болады. Бұл туралы қорасында қойы мен ешкісі бар тұрғындар жақсы түсінеді.  
– Қой қырқым көктемде басталады, тамызда қозы қырқым, сосын күзде соңғысы болады. Бұл да оңай шаруа емес, күн ыстықта бір күнде қаншама қойдың жүнін қырқу керек. Кейбірі қалыңдап кетеді немесе басқа да жағдай орын алып жатады. Онлайн форматта болғаннан соң қос студент ұлымды қолғабыс ретінде жаныма ертіп жүремін. Құрылыс жұмысына да еті үйренді, келешекте маман иелеріне атанғанымен, бұл жұмыстар жалпы өздері үшін керек. Жалпы алғанда баланы еңбексүйгіштікке, білім алуға, сондай-ақ қазақы тәрбиеге баулып, үйреткен жөн. Керек болса, қолым босаған кезде түнгі мезгілде көшеге шығып, жастардың жүгенсіздігін жүгендеп, ағалық ақылымды айтып, жөн сілтеп тұруға тырысамын, – деді Әріпхан ағамыз.
Иә, ауылдағы жастар тәрбиесіне де алаңдайтын кейіпкеріміздің қысқаша еңбек жолы, адалынан тапқан нәпақасын осылай түйіндедік. Айтпақшы, бұл туралы бізге аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғани Тұрсекеев айтып, әдемі дәлелдемелер келтірген еді.
– Бірде бір досым қой қырқатын адам іздеп, маған хабарласты. Мен көмектесіп, осы кісіні тауып бердім. Екі баласымен еңбектенеді екен, үшеуі 300 қойды 2,5 тәулікте қолмен қырқып 90 мың теңге ақша тапты. Ол жақтан келді да тағы бір кісінің 700 қойын қырқуға кетіп , кеше келді. 1 аптада 210 мың теңге тапты. Бүгін бір досым 500 қойын қырықтыруға алып кетіп бара жатыр тауға. Сөйлесіп көрсем қара күзге дейін бір күн де бос емес. Қырқым біткен соң құрылысқа кетем , 2 времянка тапсырыс алғанмын дейді. 1 шағын баспананы екі баламмен 1 айда бітіріп береміз, ақысына 1 млн теңге аламын дейді. Нағыз азамат екенсің деп риза болдым, – деді Ғани Асанұлы.
Қазір жастардың көбі кәсіп бастап, елге еңбек етіп жүр, бірақ құр сандалып жүргендер де бар. Елге ақыл айтып, жол көрсететін аға буын бар, бірақ арасында ішімдікке ілініп, ақылын ішіп жүргендер жетерлік. Сондықтан біздің кейіпкер қос буынға да үлгі болатыны ақиқат. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» – деп Абай айтқан заман болып тұр. Түсінгендер түйіндер, ертеңгі ұрпағын ойлайтиын ой салар. Қалғанын уақыт көрсетеді.
Әли ТЕМІРБЕК
18 шілде 2021 ж. 573 0