№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰБТ-2021: Біздің жоғары балл – 135

ҰБТ-2021: Біздің жоғары балл – 135


ҰБТ-2021 қорытындысында Төлепберген Әбдірашев атындағы №239 мектептің талапкерлері жоғары жетістікке жетті. Осы білім ордасының оқушысы Тұрсынбек Артық 135 балл жинап, аудан абыройын асырды.
Сүйінші жаңалықты естіп мектеп директоры Асқар Жүсіпбаевқа хабарластық.
– Ұстаздардың ұзақ жылғы еңбегі көрінді. Биыл мектепті 12 оқушы бітірді. Оның 11-і ҰБТ-ға қатасып, 6-ы 100 балдан жоғары жинады. Атап айтқанда, Артық Тұрсынбек – 135, Ақниет Баекешов – 126, Жазерке Ыбырайым – 119, Арайлым Борбасова – 114, Сәбит Оразалиев – 110, Қасиет Үкібай – 106 балл еңсерді, – деді.
Тұрсынбек Артықтың таңдау пәні химия-биология. ҰБТ-да бұл екі пәннен алуға болатын 45 балдың 44-ін игерді.
– Мақсатым – дәрігер болу. Осы жолда білім алып, біліктілігімді арттырамын. Ал, жоғары балл жинауымның ешқандай сыры жоқ. Меніңше, фундаменталды білім шешуші рөл атқарады. Мектепте жылдар бойы жинаған біліміңді салыстырып, саралап тест сұрақтарына жауап беру керек. Мен осыны басшылыққа алдым. Ұстаздарыма мың алғыс. Мен бақыттымын! – дейді ол.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демей ме? Білімпаздың жетістігі ұстаз еңбегінің нәтижесі. Сондықтан химия-биология пәнінен білім берген Роза Жаппароваға телефон шалдық.
– Біздің Тұрсынбек болмысынан алғыр. Есте сақтау қабілеті жақсы. Әсіресе, есепке жүйрік. ҰБТ-ға тыңғылықты дайындалды. Соның нәтижесінде жоғары балл жинап, бізді қуантты. Биыл төрт оқушыны химия пәнінен ҰБТ-ға дайындадым. Төртеуі де 100 балдан жоғары жинады, – дейді Роза Әбдіхалыққызы.
Айта кететіні, білімпаз бұған дейін биология пәнінен аудандық олимпиадада екінші орынға ие болса, технология пәні бойынша Алматы қаласында өткен республикалық көрмеде І орын алды.
Арай ТОҚСАНБАЕВА
Нұр-Сұлтан  – 
бірлік мекені
06 шілде 2021 ж. 698 0