№239 МЕКТЕП ОЗДЫ немесе АРТЫҚ ТҰРСЫНБЕКТІҢ ЖОҒАРЫ БАЛЛ ЖИНАУЫНЫҢ СЫРЫ
Шынында, биыл Жаманбай ауылдық округі Кеңес елді мекеніндегі Төлепберген Әбдірашев атындағы №239 мектептің талапкерлері ҰБТ көрсеткіші бойынша жоғары жетістікке жетті.
Артық Тұрсынбек 135 балл жинағанын естіп, мектеп директоры Асқар Жүсіпбаевқа хабарластым.
Директор қуанышын жасырмай:
– Ұстаздардың ұзақ жылғы еңбегі еселеніп қайтты. Биыл мектепті 12 оқушы бітірді. Оның 11-і ҰБТ-ға қатасып, 6-ы 100 балдан жоғары жинады. Атап айтқанда, Артық Тұрсынбектен бөлек, Ақниет Баекешов – 126, Жазерке Ыбырайым – 119, Арайлым Борбасова – 114, Сәбит Оразалиев – 110, Қасиет Үкібай – 106 балл алды, – деді.
Артықтың таңдау пәні химия-биология. ҰБТ-да бұл екі пәннен алуға болатын 45 балдың 44-ін игерді.
– Мақсатым – дәрігер болу. Осы жолда білім алып, біліктілігімді арттырамын. Ал, жоғары балл жинауымның ешқандай сыры жоқ. Меніңше, фундаменталды білім шешуші рөл атқарады. Мектепте жылдар бойы жинаған білімінді салыстырып, саралап тест сұрақтарына жауап беру керек. Мен осыны басшылыққа алдым. Ұстаздарыма мың алғыс. Мен бақыттымын! – дейді ол.