Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 45

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру - бақылау бөлімінің басшысы болып Рүстем Рабилұлы тағайындалды

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру - бақылау бөлімінің басшысы болып Рүстем Рабилұлы тағайындалды

Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемұлы Рүстемовтің 2021 жылдың 18 маусымындағы №254-жқ өкімімен Рүстем Рабилұлы Ибрагим аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру - бақылау бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.


 ✓Рүстем Рабилұлы 1975 жылдың 3 желтоқсанында Жаңақорған ауданында дүниеге келді. Аймақтық әлеуметтік - инновациялық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдалды.  

Алғашқы еңбек жолын 1992 – 1998 жылдар аралығында Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылдық округіндегі «Билібай» кіші кәсіпорнында көмекші шопан, «Сүттіқұдық» шаруа қожалығында жұмысшы болып бастады. 1998 - 2010 жылдар аралығында Байкенже ауылдық округі әкімшілігінде салық инспекторы, Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратында әскери есеп столының жетекшісі, жетекші маман,
2010 – 2013 жылдар аралығында Жаңақорған ауданы, Кейден ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман – есепші, 2013 – 2016 жылдар аралығында Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін «Жаңақорған ауданының  экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ішкі экономика секторының  меңгерушісі қызметін атқарды.

21 маусым 2021 ж. 825 0