Ұялы телефондар адамның бір бөлшегіне айналатынын білдік пе?!
Заман-ай! Осыдан 10-15 жыл бұрын байланыс құралы ретінде өмірімізге енген ұялы телефондар адамның бір бөлшегіне айналатынын білдік пе?! Әрине, жоқ. Ал, қазір ақпараттық-коммуникация технологияның негізгі таратушы құралына айналды. Содан ба, жастар телефонмен берік достық байланыс орнатты. Кеше ғана «селфи» сөзіне таңданып жүрсек, енді «фаббинг» деген құбылыс еніп келеді.
Фаббинг – бұл күнделікті туған-туыс, достармен немесе әріптестермен бетпе-бет сөйлесіп тұрып, телефонға шұқшиып отыру. Селфиші адамдардың жазатайым оқиғаларға тап болып жүргенін естіп, көріп, біліп жүрміз. Ал, фаббинг үлкен әлеуметтік мәселеге айналып келеді. Себебі, фаббингке шалдыққандар отбасын сақтауға мүмкіндіктері азаяды екен. Тіптен, 60 пайзы некесін бұзатын көрінеді.
Бұл індет оқушылардың арасында да жайлап барады. Тіптен, бесіктен белі енді шыққандар телефонға жармасатынын қайтесің?!
Бүгінде психологтар мен әлеуметтанушылар «фаббингке» кімнің және неліктен әуес екендіктерін анықтауда. Зерттеулерге қарағанда, олар «бір нәрседен құр қалу синдромына» шалдыққаны анықталды. Сол себепті олар ғаламторда не болып жатқанын қалт жібермейді. Соның салдарынан жастардың зейінділігі төмендейтіні расталды. Яғни, оқу, жаттау қабілеті төмендейді. Мектеп бағдарламасын игеруде қиындықтар туындайды.
Сондықтан, ата-аналар өздерін де, баласын да фаббинг ауруынан сақтаған жөн. Айналып келген мұндай әлеуметтік кесел – қоғамның келешегіне үлкен зиян алып келеді.
Жалпы, телефонға шұқшиған жастардың белсенділігі төмендеп, спорттық, мәдени және т.б. шараларға қатысуға құлықсыз болады. Ендеше, бүгінгі ата-ананың алдына баласын спорттық үйірмелерге беріп, олардың спортқа қызығушылығы артуына жағдай жасағаны абзал.
Бір ғана мысал, оқушылардың көбі суға жүзуге икемсіз. Судан қорқады. Жастар арасындағы өлім-жітімнің көбі суға кетуден орын алып жатады. Сондықтан жастардың суда жүзуін ерте жастан үйреткен абзал. Осындайда ертеден қалған бір тағылымды оқиға еске түседі.
Орта ғасырларда халқына мейірімді бір патша өмір сүріпті. Айналасындағы көршілес кіші патшалықтар оған тәуелді болып, үнемі бағалы сыйлықтар жіберіп, алым-салығын төлеп отырады екен. Сондай зор беделге ие болған патша елінің алдында абыроймен әділ төрелігін жасап күндері өте береді. Алайда қанша құдіретті болса да бір перзентке зар болады. Орнын басатын тақ мұрагері болар ұлы, тіпті қызы да болмапты. Күндіз қызметпен жүріп, уақыт зымырап өтсе, түн мезгіліне қарай үнемі қайғырып, таңды атыра алмай жылап шығатын әдет қалыптасады. Құдай көз жасын көрді ме, бір түні шаршап көзі ілініп кеткенде түсіне ақ киімді ақсақал кіреді. Оған алмас қылыш сыйлап, көз жасыңды тый – деген сәтінде оянып кетеді. Содан патша көрген түсін жақсыға жорып көп ұзамай патшайым ұл баланы дүниеге әкеледі. Үміт отын жаққан баласына бар назарын аударған әкесі оның тәрбиесіне, біліміне көңіл бөліп, білікті ұстаздарды, әскери мамандарды жинап, оқытады.
Арада жылдар өтіп, бала он екі жасқа келгенде патша ұлын сынау үшін өзіне алдыртады. Ұлының атпен шабу, садақ ату, найза лақтыру, қылышты пайдалану өнерін көреді. Білім-ғылымды қалай игергендігін сынайды. Ұстаздарының тәлімін сіңіре алған баласына риза болған әкесі:
– Жүзу білесің бе? – деп сұрайды.
– Жоқ, – деп жауап қатады.
– Сен үшін өзге адамдар қажетті тірлікті атқара береді, бірақ сен үшін жүзе алмайды. Бар, жүзуді үйрен, – деген екен.
Ендеше, балаларымызды телефонға телміртпей, пайдалы тірлікпен шұғылдануын бақылайық. Сонда салауатты, салихалы болып қалыптасатыны ақиқат...
Расул ӘДІЛБЕКОВ,
Төменарық ауылы.