№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Әкімдер газет оқи ма?

Әкімдер газет оқи ма?

Осыған дейін төл басылымның №92 (8392) нөмірінде дербес бөлім басшылары мен ауыл әкімдері кітаппен қаншалықты дос екені жазылды. Енді газет оқу мәдениеті туралы сөз қозғамақпыз. Себебі газет ақпарат тарататын құрал ғана емес, елдің рухани-мәдени өркендеуіне ой қосатын, елдік мұрат-мүддені дәріптейтін, тұлғатану ілімі мен өлкетану құндылығын насихаттайтын бірегей идеологиялық құрал. Президент айқындаған басым бағыттар мен облыс және аудан әкімі атқарып жатқан бастамаларды жиі жарияланып тұрады. Демек газет оқу арқылы әкімдер өзінің бағыт-бағдарын айқындап, әдістемелік нұсқаулық алады. Осы мүмкіндікті біздің әкімдер қаншалықты пайдаланып жүр? Бізге осы сұрақтың жауабы қызық болды.
«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының алаш­қа қарата айтқан осы сөзі өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Газет – әр ұлттың рухани-мәдени дерекқорын сақтап, ұлттың арман-мұратын таспаға хаттайды. Ал, басшылар осы жолда еңбек етіп, елдің дамуына жағдай қалыптастырады. Кейінгі кезде осы байланысты байқай бермейтін болдық. Үлкені де, кішісі де әлеуметтік желіні сылтау етеді. Бірақ интернеттегі ақпараттық платформа га­зет арқау ететін сараптамалық мақалалар мен очерк-эсселерді бере ала ма? Міне, мәселе осында.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бар­лық деңгейдегі басшыларға халықпен кері байланысты арттыруда әлеуметтік желінің әлеуетін пайдалануды тапсырды әкімдер арасында бұған селқос қарау басым. Газетті де парақтауға ерінеді. Бәлкім, рухани таяздықтан ба? Кім білсің?!
Осы ретте, аудан әкімі Руслан Рүстемов­тің газет оқуға сергек қарап, аудандық газетте шыққан мақалаларды талдап жүретіні қызықтырады. Тіпті, ел газеті – «Егемен Қазақстанда» шыққан ма­қа­­лаларды оқып, өзіндік бағасын беріп жүреді. Әкімнің газетке деген осындай көзқарасы қалам ұстаған қауымға жауап­кершілік жүктейді, екінші жағы, шабыт береді.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегеновпен байланысып, әріп­тестерінің газет оқу мәдениеті қандай екенін сұрадық. Газеттің әрбір нөмірін қалт жібермей оқитын басшыдан басылымға шынайы жаны ашитын әкімдер тізімін сұрадық.
– Әрине, біздің басшылар газет оқиды. Оны төл газетке шыққан мақалаларға өз ойын білдіріп жүргендерінен білуге болады. Газеттегі мақалаларды оқып, керек жерлерін белгілеп қойып, жұмыс барысында пайдалана аласыз. Ал, интернет арқылы жан-жақты мағлұмат алуға болады, бірақ, газеттен оқығандай сезіну, түйсіну, ой қорыту жағы кемшін болады. Әріптестерімнің барлығына топырақ шаш­паймын. Дегенмен көбісінде газет оқу мәдениеті қалыптаспаған. Оны баспасөзге жаздыру науқанынан көріп, білуге болады, – деді ол.
Біз Келінтөбе ауылдық округі әкімі Жақсылық Әбілхайыровпен байланыстық.
– Шыны керек, ауыл болған соң, күйбең тірлік көп. Әсіресе, маусымдық кезеңде егіс даласында, қырман басында жүреміз, әлеуметтік желі, газет-журналға көбірек көңіл бөлу мүмкін болмайды. Бірақ газетті асыға күтетіндердің бірімін. Бірінші «Жаңақорған тынысын» алып, парақтап, мақалаларымен танысып шығамын. Ауыл тынысы туралы жазылса марқайып қаламыз, – деп жауабын қысқа қайырды ауыл әкімі.
Иә, Қожакент пен Кейден әкімі де газет оқитындар қатарынан екен.
– Шыны керек, әлеуметтік желіні көп пайдаланамыз, бірақ нақты деректер мен тың тапсырмалардың түйіні газет бетінде жарияланып тұратыны ақиқат. Сондықтан маған қағаздағы ой маңызды, – деп газеттің маңызын сөз етті Б.Тоқтыбаев.
Сала басшысы Әбілғазы Төлегенов айт­қандай, кент және ауылдық округ әкім­дері баспасөзге жаздыру науқанына қалай араласатынынан оқу мәдениетінің деңгейін пайымдауға болады. Қолда бар мәліметке сүйенсек, 2021 жылдың екінші жартыжылдығында баспасөзге жазылуда Сүттіқұдық, Екпінді, Талап, Қыраш, Жаңа­рық, Қыркеңсе, Қаратөбе ауылдық округінің белсенділігі төмен екенін көруге болады.
Былтыр карантин кезінде емін-ер­кін жүріс-тұрысқа шектеу қойылып, үйде отырдық. Осы кезде қолға телефон ұстап, әлемнің бағыт-бағдарын бағдарлап, әлеуметтік желіде отырдық. Бұдан тез жалығады екенсің. Сосын кітап пен газет іздедік. Бұл біздің басымыздан ғана өткен жоқ. Қоғамға ортақ жағдай. Себебі «газет шығып жатыр ма, газетті үйге алып келе ме?» деген сұрақтар жиілеп кетті.
Осы жерде газет өнімі мен интернет мәліметінен мына мысалды оқып, аражігін түсінуге болады. Қытайда мектеп оқу­шыларына қаламмен жазғызбайтын дәс­түр бар. Оның басты себебі, оқушылар жазуын бұзуы мүмкін. Оның орнына сиялы қаламмен жазуға үгіттейді. Өйткені қалам мен сиялы қаламның айырмасы бар. Біреуі дайын өнім, екіншісі еңбек. Себебі сияға малып мәнерлеп жазу – тәрбие. Осы тұрғыдан келгенде газеттің бәсі басым екенін айту керек.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
06 маусым 2021 ж. 519 0