Соңғы жаңалықтар

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Бір күнде екі әкімшілік іс бойынша ерлі-зайыптылар медация тәртібімен татуласты

Бір күнде екі әкімшілік іс бойынша ерлі-зайыптылар медация тәртібімен татуласты


Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азаматтар П., және А-ға қатысты әкімшілік істер онлайн режимінде қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат П., және А. өздерінің үйінде жұбайларына сыйламаушылық танытып, былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекет жасаған.
Бұл әкімшілік істерді қарау барысында судьялар өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлғаларға жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуға болатыны жайлы, медиативтік процедураны өткізудің негіздері мен тәртібін және де дауды реттеу туралы келісімнің салдарын түсіндіріп берді.
Өздеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғалар өз кінәларын мойындап, жәбірленушілер мен медиация тәртібімен татуласты.
Нәтижесінде, аталған екі істе тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты тоқтатылды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
14 мамыр 2021 ж. 453 0