№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Медиация тәртібінің көмегімен бір күнде екі әкімшілік іс тоқтатылды

Медиация тәртібінің көмегімен бір күнде екі әкімшілік іс тоқтатылды

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-1бабы 1-бөлігімен және 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша келіп түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес бірінші іс бойынша азамат Т., «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы бұқаралық ақпарат құралдарына жәбірленуші Ж-ның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн және оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер таратқан.
Ал екінші іс бойынша азамат М., Жаңақорған ауданы Бесарық ауылы Бегдуалиев көшесінің бойында жәбірленуші І., ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл дәрежелі зиян келтірген.
Бұл әкімшілік істерді қарау барысында судьялар өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуға болатыны жайлы, медиативтік процедураны өткізудің негіздері мен тәртібін және де дауды реттеу туралы келісімнің салдарын түсіндіріп берді.
Өздеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғалар өз кінәларын мойындап, жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласты.
Нәтижесінде, аталған екі істе тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты тоқтатылды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
30 қаңтар 2021 ж. 600 0