№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Тараптар медиация тәртібімен татуласты

Тараптар медиация тәртібімен татуласты


Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.


Сотта анықталғандай, азамат М. 2020 жылдың 16-қыркүйек сағат 20:00 шамасында №379 Алматы-Орал бағытындағы жолаушылар поездының №1 вагон ішінде жәбірленуші Ш-ны ұрып-соғып, денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, яғни денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген.
Сот отырысында жәбірленуші Ш. азамат М-мен медиация тәртібімен татуласқанын, оған кешірім беретінін көрсетіп, әкімшілік істі тоқтатуды сұрады.
Сотпен іс құжаттары зерттеліп, өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға мен жәбірленушінің медиация тәртібімен татуласуы негізінде Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 64-бабының негізінде әкімшілік іс тоқтатылды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
17 қараша 2020 ж. 808 0