Жаңақорған аудандық сотында семинар өткізілді
Жаңақорған аудандық сотында оқу сабақтарының жоспарына сәйкес «Сот істерінің қаралғаннан кейінгі рәсімдеулі» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева мен сот қызметкерлері қатысты.
Семинарда аталған тақырып бойынша бас маман сот отырысының хатшысы Б.Қалдыбаев баяндама жасады.
Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасы Жоғары Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті 2016 жылығы 5 наурыздағы өкімімен бекітілген аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу жөніндегі ереже бойынша, яғни азаматтық істер бойынша шешімдер мен ұйғарымдарды орындауға беру тәртібі, сот шешімі заңды күшіне енгенен кейін атқару парағы жазылатынын, ол өндіріп алушыға берілетінін не оның жазбаша арызы бойынша орындау үшін тиісті әділет органына не жеке сот орындаушысына орындау үшін жіберілетінін атап өтті.
Бұл ретте атқару парағында аудандық соттың мөрімен куәландырылған сот актісінің көшірмесі (үзіндісі) қоса тіркелетінін, соттың дереу орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы жазылып, шешім шығарылғаннан кейін дереу орындауға жіберілетінін, атқару парағын бірінші сатыдағы сот шешім заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазылатынын түсіндірді.
Сонымен қатар, жеке қаулылардың, ұйғарымдардың көшірмелері тиісті ұйымдарға, лауазымды және басқару функцияларын атқаратын өзге де тұлғаларға сот актілері заңды күшіне енгеннен кейін орындауға жіберілетінін атап өтті.
Семинарға қатысушылар азаматтық істер бойынша шешімдер мен ұйғарымдарды, жеке ұйғарымдарды орындауға беру мәселелерін кеңінен талқылап, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі