№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жалған ақпарат қылмыспен тең

Жалған ақпарат қылмыспен тең


Соңғы кездері ұялы телефонмен, әлеуметтік желіде, мессенджерде және басқа да қосымшаларда қоғамдық қауіпсіздікке қауіп – қатер туғызатын азаматтарға, ұйымдар мен мемлекеттке зиян келтіретін жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті.


Жарылғыш зат қойылды деп жалған қоңырау шалу лаңкестік қылмыс ретінде бағаланады. Полицейлер тұрғындарға осыны ескертеді. Бюджетке келтірген шығынына қарай жалған ақпарат таратқан жан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді, үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Дүйім елді дүрліктіретіндердің арасында оң-солын танымаған жастар да аз емес. Мамандардың айтуынша, мұндай қадамға барған жандардың көбінің айтар сылтаулары көңілге қонбайды. Мәселен, бірі ұшақтан кешігетін болған соң «әуежайда бомба бар» деп хабарлаған, бірі сабаққа дайындықсыз келгендіктен «мектеп жарылады» деп дабыл қаққан, ал тағы бірі полицейлердің жеделдігін тексермек болған. Тіпті, не үшін бұлай жасағанын түсіндіріп бере алмағандар да болыпты. Тағы бір қызығы, олардың көбі өздерінің әрекетін қылмыс деп санамайды екен.
Терроризм актісі туралы жалған ақпараттан кейін атқарылатын қауіпсіздік шаралары бойынша ішкі істер, төтенше жағдайлар бөліміне, жедел құтқару қызметіне едәуір материалдық шығын келеді. Бүгінгі таңда заманауи техника құралдары кез келген «телефон бұзақысын» тез арада анықтауға мүмкіндік береді және оларды қатаң жауапкершілікке тартатын заң бар. Алайда осы шаралардың барлығы жалған шақыруларды тоқтата алар емес. Қарапайым халық арасында түсіндіру жұмыстары әлі де жеткіліксіз тәрізді. Бейбіт күнде халықтың үрейін алатын бұзақылардың қатары азаймай отырғаны да сондықтан.

Ерзақ ТІЛЕУБЕРГЕНОВ
28 сәуір 2021 ж. 610 0