№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тәртіпке бағыну – тән саулығы

Тәртіпке бағыну – тән саулығы

Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің аудан халқына үндеуі
Қызылорда облысы «қызыл аймаққа» енді. Бұл «мың асқанға – бір тосқан» жағдай. Яғни, қауіпті індет етек алып келеді.
Рас, пандемияның ұзын құрығы ұлғайған сайын күмән көбейе түсті. Қазіргі аудандағы эпидемиологиялық ахуал көңіл көншітпейді. Тас түскен жеріне ауыр, уайым күшейді.
Жыл басынан бері індет жұқтырған 164 науқас тіркелсе, оның 65 науқасы емделіп шықты. Ал, 95-і ем алуда, үй жағдайында бақылауда жатқаны 64 науқас. Бүгінгі таңда 30 науқас аудандық, 1 науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдауда. 6 жерлесіміз індеттен көз жұмды. Осындай ойланарлық оқиғадан кейін «өзім білемін» деген тайыз түйінге тоқтам болу керек.
Ұлтымыз «Өзіңді зор тұтпа, өзгені қор тұтпа» деген, тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі (вирус) күннің ысуымен күш алып барады. Оны ауыздықтаудың амалы – сақтану шараларын барынша ұстанып, вакцинаға қол жеткізу болып тұр. Соңғы дерек бойынша аудан тұрғындарынан 1170 адам вакцина қабылдады. Әрине бұл көрсеткіш әлі де аз.
«Ақылдан сабыр артық» демей ме, дерт ушыққан уақытта халықтың қызықшылық жасауына қатаң қадағалау қажет-ақ. Сондықтан уақытша болса да той-томалақ, ас беру, ауызашар, басқа да көпшілік жиындарға тыйым салуға тура келеді. Осы мақсатқа орай мобилдік топ санын 30-ға жеткіздік. Аудандық полиция бөлімі қызметкерлері карантин талаптарын бұзу оқиғаларын анықтаған жағдайда мониторинг топтарына хабарлауға міндетті. Бұл бақылауды күшейтудің бір бағыты. Өйткені бізге адамның өмірі қымбат, денсаулығы құнды!
Карантиндік тәртіпке сәйкес 9 және 11 сынып оқушылары ғана оффлайн жағдайында оқитын болады. Басқа оқушылар онлайн жүйесімен үйден оқытыла береді.
Әрине, жағдай тұрақталмаса, эпидемиологиялық ахуал бұдан әрі күрделене түсетін болса локдаун енгізетін боламыз деп атап өтті облыс әкімі. Демек, өз денсаулығымызға өзіміз жау болмай, қоғамға қиянат келтірмей, сақтық шараларына салғырт қарамауымыз керек. Осыған ойлы көзбен қарауға, түсіністік танытуға аудан халқын шақырамын. Тәртіпке бағыну – тән саулығы екенін ұмытпайық!
Ендеше, ауру асқынбасын, кесел көгенделсін!
24 сәуір 2021 ж. 461 0