Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауру кірді, әлек кірді

Ауру кірді, әлек кірді

Жаман айтпай, жақсы жоқ, аудандағы ахуал алаңдатарлық жағдайда тұр. Елге ескерту шаралары ұдайы жүргізілгенімен отбасылық, көпшілік той-думан еселеніп барады. Әрине, қызықшылық жақсы, алайда ауруға ұшыраудың азабын ерте бастан ойласақ, тойға тоқтам болар еді. Болар іс болып, бояуы сіңген соң бәрі кеш, алдымен өзіңді ойла!

Жасырып қайтемін, бүгінге дейін 15 әкімшілік шара қолданылды, айыппұл салынды, бұл тосқауыл болған жоқ. Қайта шабыттандырған шараға ұқсап кетті. Бұған тоқтам жасайтын көпті көрген көнекөз кісілер қайда? Бас көтерер азаматтарымыз неге араласпайды? Бұл жәй әншейін көзді жұма салатын жағдай ма? Әлде әркім өз өміріне өзі жау ма? Осыны ел болып ескерсек қайтеді?
Ақпарат ағынынан анықтағанымыздай, 2021 жылдың 5 сәуіріндегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймаққа енді. Міне, осы ауыр жағдай бізге сабақ болуы керек. Немесе өткен жылдың өкінішін ұмытпаған абзал. Бір анық нәрсе, дүние жүзін дүрліктірген коронавирус Жаңақорғанды айналып өтпейді.
Еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: -Жалпы алғанда қазіргі жағдайымыз жақсы емес. Тіпті ахуал өте күрделі деп айтуға болады. Коронавирус індеті қайта өршіп келеді. Мұны Қазақстан ғана емес, көптеген елдер бастан өткеруде. Нақты деректерге қарасақ, оның негізгі себебі вирустың мутацияланған жаңа штамдары болып отыр. Оған қоса, азаматтарымыз және бизнес өкілдері індеттен әбден қажып, соның салдарынан сақтық шараларына салғырт қарай бастады. Бұл, әрине жағдайды одан бетер ушықтыруда, - деді.
Шынында, коронавируспен күресу  кезек күттірмейтін мәселе. Ол үшін шектеу шаралары шеңберінде тиісті талаптарды орындау маңызды. Той-томалақ, түрлі жиын белгіленген тәртіп негізінен ауытқымауы тиіс. Бұған барлық кент, ауылдық округ әкімі жауапты. Оларға жергілікті полиция және учаскелік инспектор, қажетті жерінде елді мекендегі интеллигенция өкілдері көмектесуі керек.
Бүгінге дейін ПЦР тәсілімен дәлелденген 453 науқас тіркелді. Оның 432 науқасы емделіп шықты. Ал, 7 науқас қайтыс болды. Аудандық аурухананың бас дәрігері берген ақпаратқа сүйенсек, қазір 23 науқас бар. Мұның 10-ы үй жағдайында медициналық бақылауда тұр. Бұлармен байланыста болған 161 адам бақылауға алынған. Мына жағдай мұң шағатындай мәселе. Күннен-күнге күшейіп бара жатқан кеселдің беті қайтар емес.
Мен аудан басшысы ретінде әрбір оқиғаға алаңдаймын, әрбір адамның өмірі маған қымбат. Сондықтан халық көп шоғырланатын орындарда карантиндік сақтық ережелері қатаң бақылауға алынғаны қажет. Әсіресе, ауданда құрылған 3 мониторингтік топ білім беру ұйымдарында, базар, дүкен, почта, теміржол бекеті, тамақтандыру орындары секілді көпшілік орындарда карантиндік режимге сәйкес әлеуметтік арақашықтықты сақтау, бетперде, антисептик пайдалану, залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыруды қатаң назарға алғаны дұрыс. Сондай-ақ Мемлекет басшысы айтқандай, коронавируспен күресудің бірден-бір жолы вакцина салу жұмыстарын ұдайы жүргізу тоқтатылмауы керек. Медицина мамандарының сараптамасы бойынша әлемде 1 науқас 7 адамға дейін вирус жұқтырады екен.  
Ең бастысы, өз өміріңді өзің сақтаған анағұрлым айқын жол!

Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің фейзбук парақшасынан.
05 сәуір 2021 ж. 1 702 0