№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жұмыспен қамту – басты міндет

Жұмыспен қамту – басты міндет

   Ауданда жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға және кәсіп бастауға жан-жақты қолдау шаралары атқарылуда. Мәселен, жыл басында 3436 адам жұмыссыз ретінде хабарласса, оның 3392 жұмысқа тартылды. Атап айтқанда, 1483-і тұрақты жұмыс тапса, 171-і әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты. Жастар практика бойынша – 415, қоғамдық жұмыс орындарына – 1323 адам тартылды. Жүйелі жұмыстар 2021 жылы жалғасын табатын болады.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ОҚЫТУ

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 1-ші бағыты – қысқа мерзімді оқыту бойынша облыстық бюджеттен 130 адамға 40 миллион 264 мың теңге қаралды. Өз мамандығы бойынша жұмыс таппаған азаматтарды қосымша мамандық игеруіне мүмкіндік жасайды.


ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС

Бұл бағытта 12 айда 100 адамға 51 миллион теңге қаралды. Түсінікті болу үшін айта кететіні, жұмыс берушілер (шаруа қожалықтар, жеке кәсіпкерлік, жауапкершіліг шектеулі серіктестіктері және т.б) жұмысқа қабылдаған азаматтардың жалақысының 35 пайызын мемлекет есебінен субсидиялайды.

ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫС

2021 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты – қоғамдық жұмыспен қамту бойынша 375 адамды жыл көлемінде қамту қаралып отыр. Оған республикалық бюджеттен 270 миллион теңге бөлінді. Ең төменгі жалақы 42 500 теңгені құрайды.

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ

2021 жылы осы бағытта 275 адамды жұмыспен қамту жоспарланды. Оған республикалық бюджеттен 105 миллион 12 мың теңге, облыстық бюджеттен 15 миллион 314 мың теңге қаралды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты – Жастар практикасына 29 жасқа дейінгі жоғары және арнаулы білімі бар жұмыссыз жастар қатыса алды. Жалақысы 25 айлық есептік көрсеткішпен (әлеуметтік аударымдарын қоса есептегенде 72 925 теңге) есептеледі.

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТАР

2020 жылы 649 адам 358 миллион 28 мың теңге алды. 2021 жылы 600 адамға 350 миллион 40 мың теңге қаралды. Егер қаржы жетпеген жағдайда қосымша қаржы тартылады. Ескертетіні, қайтарымсыз гранттың қаржысы мақсатты жұмсалуы тиіс. Қаржы мақсатсыз игерілгені анықталса заңдылыққа сәйкес (сот шешімімен) кері қайтарылады.
2021 жылы қайтарымсыз гранттар 200 айлық есептік көрсеткіш есебінде (583 400 теңге) болады. Оған 16 жастан зейнет жасына дейінгі кез-келген жұмыссыз азаматтар қатысады.
Ол үшін «Бастау бизнес» жобасы немесе «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтуі шарт. Сосын бизнес жоспар дайындап, комиссия алдында қорғауы тиіс. Ал көпбалалы және атаулы әлеуметті көмек алатын отбасы мүшелеріне оқу талап етілмейді. Қатысушылар комиссиядан құлаған жағдайда екінші рет бизнес-жоспарын талапқа сай дайындап, қайта қатысуына мүмкіндігі бар.

Жанабек ТҰРЛЫБЕКОВ,
Жұмыспен қамту орталығының директоры


29 желтоқсан 2020 ж. 737 0