Індетке тосқауыл керек
Соңғы деректерге қарасақ, біздің өңірде індеттің таралуы көбейіп келеді. Сондықтан екпе егу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бұл ең алдымен өзіміздің, сосын жақындарымыздың денсаулығы үшін маңызды. Осы қағиданы ұстанған аудандық азаматтық қорғау орган қызметкерлері де бүгін вакцина салдырып, аурудың алдын алу қамын жасады.
Екпе адам иммунитетін көтеріп, күш-қуат беретіні рас, бұл әсіресе осы сала қызметкерлері үшін өте маңызды. Өйткені, отпен арпалыста өрт сөндіру қызметкерлері табандылық көрсетіп, тілсіз жауды ауыздықтайды. Соңғы жылдары біздің ауданда өрт оқиғасы жиі орын алуда, көктем мен жаз айларында орман өрті мен үй жағдайындағы жану оқиғасы көбірек тіркеледі.
«Біздің мақсат – індетті болдырмау үшін ертерек қам жасау, сондықтан екпені дер кезінде қабылдаудамыз. Қызметімізді адал атқарып қана қоймай, жақындарымызға вирус жұқтырып алмауға тиіспіз. Бәрінен бұрын екпе – өзіміз үшін керек» – деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Өскен Бақытқалиұлы.
Жалпы індет сала-салаға бөлінбейді, сондықтан әрбіріміз осы бір тығырықтан шығудың жолында күресуіміз керек. Санитарлық талаптарды қатаң сақтайық, келешек ұрпақ үшін бізге осы бір жауапкершілікті сезіну керекпіз.