№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Полиция қызметкерлері екпе салдыруда

Полиция қызметкерлері екпе салдыруда



Көктем шығып, тіршілік тынысы қайта жандана бастағанымен, вирустың өршуі белең алуда. Сыр өңірі қазір «сары аймақта» екені белгілі. Бірақ осы дерттің алдын алудың жолы болса, ол екпе ектіру. Құқық қорғау саласының қызметкерлері вакцина салуды бастады. Өйткені, жұқпалы індетпен күресте полиция қызметкерлері қашан да халықпен тығыз қарым-қатынаста болады. Күні-түні ақ халаттылармен бірге алдыңғы шепте жүреді. Оны былтыр ауру асқынып, қатаң карантин режимі енгізілгенде байқадық.
– Вирустың таралмауына жол бермеу, тосқауыл болу біздің бірінші міндетіміз. Сондықтан вакцина салуды өзімізден бастадық. Екпе ектіру бұл өз өмірім үшін ғана емес, айналадағы жақын жандардың саулығы үшін де маңызды. Мәселе осында, сондықтан бұған бей-жай қарауға болмайды, – дейді АПБ ЖПҚ бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Медет Пернебеков.
Құрметті жерлестер, біріншіден, санитарлық нормаларды қатаң сақтап, үнемі бет перде тағып жүру міндетті. Көпшілік орындарға барудан аулақ болу өте маңызды. Ең бастысы, вакцина салуға үрке қарамауға тиістіміз.

16 сәуір 2021 ж. 626 0