№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Оңтайландырудың балабақшаға әсері қандай?

Оңтайландырудың балабақшаға әсері қандай?

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақшларда оңтайландыру басталды. Яғни жан басына қатысты нормативтік қаржыландыру енгізілді. Осыған байланысты аудан тұрғындары арасында түсініспеушіліктер орын алып, алып-қашпа әңгімелер көбейді. Сондықтан мәслихат депутаттары ауданның бас ұстазы Болат Ибрагимовтен мән-жайды түсіндіріп беруді сұрады.Мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков жан басына қаржыландыру жүйесі бюджеттің қаражатын үнем­деуге мүмкіндік беретінін, алайда, балабақшаларда кадрдың қысқарып жатқанын, бір адамның артында бір отбасының әлеуметтік жағдайы тұрғанын айтып, осы тығырықтан шығудың жолын сұрады.
– Білім және ғылым министірінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №597 бұйрығына сәйкес енді балабақшалар мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыны игереді. Жан басына қаржыландыру әдістеме негізінде мемлекеттік балабақша 1 балаға 50433 теңге, ал, жеке балабақшада 46303 теңге, санаториялық балабақшада 76323 теңге қаржы қаралады. Қазір аудандағы балабақша қызметкерлерінің жалақысына, әлеуметтік сақтандыруына, коммуналдық қызметіне, жылуына, дәрі-дәрмегіне және т.б қажетті қызметтер үшін 1502 млн теңге қажет болса, жан басына қаржыландыру бойынша 1009,0 мың теңге қаржы керек. Айырмашылығы 492 млн теңге. Осыған байланысты қысқарту жүргізіледі. Мұның негізгі себебі жан басына қаржыландыру жүйесімен қазіргі штаттық бірлікті ұстап тұру мүмкін емес. Мәселен «Алпамыс» балабақшасында 13 бала бар. Ал, ондағы қызметкерлер саны екі есе көп. Сондықтан 25 адам қысқарды. Біз оларды жеке меншік балабақшаларға орналастырдық, – деді Болат Мақсұтұлы.
Оның сөзінше, жан басына қар­жыландыру тетігі бойынша бір топпен жұмыс істейтін балабақшаларды ұстап тұру қиын. Ондай балабақшалар қатарында Жайылма ауылдық окру­гіндегі «Камшат», Көктөбегі «Өркен», Сунақатадағы «Айгүл», Қосүйеңкідегі «Балбұлақ» балабақшасын жатқызуға болады. Мәселенің туындауына 20 балаға арналған 1 топқа берілетін 13,75 штатқа артық адамды жұмысқа алу себеп болған.
– «Камшат» пен «Өркен» балабақ­шасында 13,75 штатпен 15 қызметкер, «Балбұлақ» балабақшасында 18 қыз­меткер, «Айгүл» балабақшасында 15,5 штатпен 21 қызметкер жұмыс істейді. Бірақ әр балабақшада топтағы бала саны әртүрлі. Бір балабақша 15 баламен, екінші балабақша 17 баламен 1 топ ашқан. Осының бәрі оңтайландыру кезінде қиындық туғызуда. Жалпы аудан бойынша 150-дей адам қысқаруы мүмкін. Оларды біз жұмыспен қамтамасыз етеміз, – деді сала басшысы.
Бүгінде ауданда мектепке дейінгі ұйым саны – 120. Онда тәрбиеленетін өспірімдер саны – 6198. 3-6 жастағы балалар балабақшамен толық қамтылып отыр. Мемлекеттік балабақшалар 10,5 сағат, шағын орталықтар 9,5 сағат режимі бойынша жұмыс істейді.
Кеңеске қатысқан мәслихат депу­таттары Жасұлан Амалбеков, Бағлан Ерімов, Нұрлат Байгенже, Жанат Жүсі­пова, Жәудір Әбдікәрімова ау­дан­­дық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимовке тәрбие процесін же­тілдіруде тәрбиешілердің санатын арт­тыру, балабақшалардың матери­алдық-техникалық базасын нығайту және т.б жөнінде ұсыныс-талаптарын ортаға салды.
Біздің түсінгеніміз, енді балабақшаны мемлекеттік немесе жекеменшік деп бөлмей, мемлекеттік тапсырысты са­палы орындайтын тәрбие мекемелері ретінде бағалайтын боламыз. Мұндай үрдіске 2022 жылы орта білім беретін мектептер де көшеді. Тіпті спорт саласы да оңтайландыру жүргізіледі. Мұның бәрі білім-тәрбие беретін мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін шыңдап, ұлттық қазынаның қаржысын тиімді жұмсауға мүмкіндік береді.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ

18 сәуір 2021 ж. 608 0