№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді


Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен «WhatsApp» мобильді қосымшасының көмегімен онлайн брифинг өткізілді.
Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы И.Тұңғышбаев сотталушы М-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен қаралған іс бойынша сұхбат берді.
Істің мән-жайына сәйкес, сотталушы М. көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, 2021 жылдың 13 қаңтар айында Жаңақорған ауданының Келінтөбе мен Қаратөбе ауылдары арасындағы тас жолдың бойында автокөлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.
Сот талқылауында сотталушы өз кінәсін мойындап, автокөлікті масаң күйде басқарғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін, өзінің үшінші топ мүгедек екенін, отбасында қарт ата-анасының және жас балаларының барын айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұраған.
Сот М-ға жаза тағайындау кезінде ҚК-нің 53-бабына сәйкес сотталушының қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайына шын ниетпен өкінуі, жас баласының болуы, ҚК-нің 54-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайы жоқ деп тұжырымдап, соттың үкімімен сотталушы М. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеуге белгіленді.
Сондай-ақ судья И.Тұңғышбаев көлік құралын масаң күйде басқару үшін жаза қатаңдатылғанын, бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам қайта масаң күйде басқарса, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылатыны жайлы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне өзгерістер енгізілгенін атап өтті.
Брифинг соңында БАҚ тілшісі іс бойынша сауалдар қойып, оларға нақты жауаптар алды.

Ақпарат:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
07 сәуір 2021 ж. 413 0