Білім биігін бағындырған
Жақында педагогтардың кәсіби қызметін қолдау мен білім саласындағы елеулі еңбегіне орай ұстаздар арасында конкурстық негізде алғаш рет аймақтың ерекше төсбелгісі тағайындалды. Бұл марапат еңбегімен ерекшеленген 100-ден аса ұстаздар ішінен лайықты құрметке ие болған ұстаздарға берілді. Байқау талабына сәйкес үздіктерді анықтау ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген республикалық конкурстардың тізіліміндегі олимпиадалар мен ғылыми жобалар, жарыстар, кәсіби конкурстардың жүлдегері атанған ұстаздарға табысталды.
Конкурстық комиссия шешімі негізінде лайықты 12 ұстаз «Қызылорда облысының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері атанды. Олардың қатарында біздің ауданнан «Алпамыс» балабақшасының тәрбиешісі Қалдан Тұяқбаева да бар. Шарада тұңғыш рет аймақ басшысының атынан 10 ұстаз 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі, яғни 833 мың теңгені құрайтын бірреттік сыйақыны алды. Қаржылай сыйақыға 10 ұстаз лайық деп табылды. Олардың қатарында Сүттіқұдық ауылындағы №52 мектептің биология және география пәні мұғалімі Тұрсынбек Жұпарбаев бар.
Білім жолы тынымсыз еңбекті, толассыз ізденісті талап етеді. Өзі үйренуден, балаға үйретуден жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табыстарға жете алады. Бұл тұрғыда Тұрсынбек Нақыпбекұлының бұған дейінгі бағындырған биіктері де аз емес.
Ол Сүттіқұдық ауылындағы №52 Б.Аралбаев атындағы жалпы орта мектебінің биология, география пәнінен сабақ береді. Білікті ұстаз облыс әкімі Б.Қуандықовтың ұстаздарға тағайындалған «Ең үздік мұғалім-2008» 150 000теңге, Қ.Көшербаевтың 2013 жылы «Үздік мұғалім -2013» 1000 000 теңге грантының иегері атанған.
Жиырма төрт жыл еңбек өтілінде қаншама шәкірттерге білім дәнін сеуіп, толағай табыстарға жеткенін де атап өту орынды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен «Салт дәстүр – ұлтымыздың рухани байлығы» атты республикалық ғылыми жобалар байқауында оқушысы Жақыпбек Нұржан мен облыстық білім басқармасы ұйымдастырған «Бөленген ақ күрішке сұлу Сырды» тақырыбында облыстық ғылыми жобалар конкурсында 10 сынып оқушысы Бекахмет Жансұлу ІІ-орын алса, «Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет» облыстық дебат турнирінде Әбибулла Ботагөз, Жұмабекова Айдана марапатталды.
Сондай-ақ, «Этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбында облыстық ғылыми жобалар конкурсында Рахматулла Нұрай марапатталды. «Адал ұрпақ» жобасы аясында ұйымдастырылған конкурста Жақыпбек Гүлзат, «Қарулы күштер қорғаным» тақырыбында қашықтықтан өткен облыстық жас суретшілер байқауында Есенжол Мұстафа, «Отбасым – бақыт мекенім» облыстық шығармалар байқауында Нысанбек Камшат марапатталды.
– Қоғамның экономикалық дамуына байланысты жас ұрпаққа білім берудің жаңа талаптары да туындап отыр. Бұл ретте, қазіргі оқушылардың сұраныстары да жоғарылай түсуде, ал мұғалімнің тұлғалық өсуі біліктілікті жетілдіру арқылы іске асатын үдеріс. Ал кәсіби білігі мен білімі жоғары мұғалім өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматы ретінде тәрбиелеп, жұмыстарды сапалы атқаратындығы күмән тудырмайды. Кәсіби біліктілікті, шығармашылығын үнемі көтеріп отыратын жаңашыл, жаңалыққа жақын мұғалім қоғамда жоғары мәртебе иесі болып, беделі асатындығы рас. Мұғалімнің басты қызметі жаңа қоғамға сай білімді, көкірегі ояу, тәрбиелі, әр уақытта еліне қызмет ететін, оңды-солын білетін жақсы азамат қалыптастыру және қазіргі кездегі жаңа оқыту мен тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту, – деді ұстаз.
Тұрсынбек Жұпарбаев сондай-ақ, Ел Президенті Қ.Тоқаевтың, Білім және Ғылым министрі А.Аймағамбетовтың «Құрмет» грамотасымен марапатталса, «Ұстаз болу борышым» атты республикалық конкурсында І орын, «Астана – рухани жаңғырудың бастауы» конкурсының ІІ орын иегері атанған. Бұдан өзге жетістіктері де жетерлік.
Иә, ұстаз жайында қалай қалам тербесек те жарасады. Халқымыздың батыры ұлы Бауыржан Момышұлы былай деген: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз». Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін Тұрсынбек Нақыпбекұлының жөні де, жолы да бөлек.
Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА