№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кенеден келетін қауіп көп

Кенеден келетін қауіп көп


Көктем келіп, күн жылына бастаса кенелерден келетін қауіп те көбейеді. Әсіресе, төрт түлігі көп елді мекендер мен үй жағдайында мал ұстайтын тұрғындар барынша абай болған жөн. Бұл жөнінде аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы дабыл қағуда.Жалпы аудан көлемінде былтыр кене шағумен 53 жағдай және ҚҚГҚ (қырым қанды геморагиялық қызбасы) мен 2 жағдай тіркелген. Жағдай Құттықожа және Қандөз ауылынан тіркеліп, біреуі өліммен аяқталған
– Науқас Құттықожа ауылының тұрғыны, 57 жаста, күнделікті үйінің малдарын күтіп баптаумен және шөп шабумен айналысқан. Науқас 5 күн бойы үйінде дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріліп, басы ауырып, қалтырап жаурап, бүкіл денесінің бұлшық еттері ауырсынып үйінде дәрігерге қаралмай жатып қалған. Тісінің айналасының қызыл иектерінен қан кетіп, мұрнынан қан кету болған соң ғана медициналық көмекке  жүгінген. Дәрігерлер науқасты аман алып қалуға күш-жігерлерін салғанымен, ол мүмкін болмады,
КҚГҚ ауруының аса қауіптілігіне қарамастан, тұрғындардың медициналық көмекке кеш жүгінуде. Аса қауіпті жұқпалы аурудың  көктемгі эпидемиологиялық кезеңінен бастап ауданда  аталмыш елді мекендердің буферлік аймағында кенеге қарсы залалсыздандыру шаралары екі қайтара ұйымдастырылды. Бірақ кенелер табиғи ортадағы ареалы жоғары болып, ауыл шаруашылық малдарымен елді мекендерге алып келінуде, – дейді бас маман Нысанкүл Кауленова.
Кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының тиімді шараларының  бірі мамыр айында мал бастарын тоғыту ванналары арқылы өңдеу. Мал тоғыту ванналары ауа температурасы 22 С болғанда іске қосылуы тиіс. Кенеге қарсы өңдеу шараларын жүргізер алдында елді мекендерде мал қораларын механикалық тазалаудан өткізіп, қысқы қи қоқыстан тазарту керек дейді сала мамандары. Себебі қидан тазаланбаған мал ұстайтын орындарға кенеге қарсы дәрілеу жүргізгенімен, кене қидың арасына жасырынып, залалсыздандыру препаратының күші сейілгенде қайта шыға бастайды, сәйкесінше тиімділік төмендейді.
– Сондықтан ауа райының климаттық ерекшеліктеріне қарай наурыз, сәуір айларында, жергілікті атқарушы органдар тарапынан әрбір елді мекенде қоралардың толық тазалануына, сонымен қатар өңдеу жұмыстары кезінде мердігер мекемелердің қолайсыз елді мекендердегі мал қораларды залалсыздандыру, өңдеу жұмыстарымен сапалы қамтылуына бақылау мен қадағалауды күшейту қажет.
Аудан көлемінде аса қауіпті жұқпалы КҚГҚ-ы ауруынан 2021 жылға қолайсыз 19 елді мекен тіркелді. Оның ішінде, Жаңақорған кенті, Кейден, Ақүйік, Екпінді, Қожакент, Қандөз, М.Нәлібаев, Төменарық, Өзгент ауылдық округі мен Билібай елді мекені кіреді. Сондай-ақ, Сунақата, Келінтөбе, Қыраш, Көктөбе, Қаратөбе мен Қосүйеңкі округі мен Кеңес пен Құттықожа ауылы, Шалхия кенті де бар, – деді Ш.Айдарова.
Індетті болдырмаудың жолы қарапайым. Ең бастысы, малға кене жабыспау үшін малды дәрілеп, тоғытукерек. Осы жерде айтатын басты мәселе, малға жабысқан кенені еш уақытта қайшымен қырқып, қолмен жұлып алуға болмайды. Жалпы кенелердің көбі үй жануарларының қанымен қоректенеді.
Кене шаққан адамдар міндетті түрде емдеу мекемелеріне қаралып, екі апта дәрігерлік бақылауда болғаны жөн. Кенелер қысқы ұйқыдан соң аш болғандықтан, кез келген жылы қанды ағзаға шабуыл жасайды. Кенелерде жылы қандылардан бөлінетін инфрақызыл сәулелерді дәл анықтайтын сезім мүшелері жақсы жетілген. Қанға тойған әрбір кене 10 мыңға дейін жұмыртқа тастап, өз денесіндегі вирусты ұрпағына трансовариалды жолмен береді, яғни вирус тасымалдаушы кенеден тараған ұрпақ түгелімен қырым-конго қанды безгегінің вирусын жұқтырады.
Жалпы мамандар ескертті, мүмкіндік болса ертерек қамданған жөн болар.

Әли ТЕМІРБЕК
27 наурыз 2021 ж. 608 0