№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бүлдіршіндерді бүлдіретін мультфильм

Бүлдіршіндерді бүлдіретін мультфильм

Бүгінде көгілдір экранның, яғни бұқаралық ақпарат құралдарының адамзат баласы үшін маңызы зор. Алайда жас жеткіншектеріміздің психологиясына, тәрбиесіне кері әсерін тигізіп жататын. Өйткені, батыстан әкелініп жатқан айқай-шуға, қатігездікке толы, мағынасын түсініп болмайтын мультфильмдер туралы сөз басқа.
Шетелдік мультфильмдерде бала­ларды қызықтыру жағы өте жақсы ойластырылған. Аталмыш дүниелер балалардың орнынан тапжылмай отырып көрулеріне арналғандай. Тіпті, балалар түгілі, ересектерді де еріксіз өзіне тартып алатын әсері күшті. Осыдан барып сана-сезімі толық қалыптасып үлгермеген бөбек бойында жағымсыз мінез-құлықтардың белгілерін байқауға болады. Күндіз-түні зорлық-зомбылыққа толы көрініске көзі үйреніп, адам бойындағы аяусыздықтарға куә болған балғынға бұлардың бәрі қызық болып көрінеді. Олар мультфильмдердегі кейіпкерлердің жасаған қимылдары мен айтқандарын айна-қатесіз қайталап жатады.
Кез-келген үйге бара қалсаңыз, қаптаған түрі ұсқынсыз Халк, Шредер, Бэтман, «Супермен», «Өрмекші» адам тағы басқа мультфильмдердің дискілерін, суреттерін, ойыншықтарын байқауға болады.
Американдық зерттеушілердің пікіріне назар аударсақ, балалар мен жасөспірімдер телеаудиторияның ең белсенді көрушілері екен. Әрбір бала шамамен өз уақытының 30 пайызын экранның алдында өткізеді. Ол орта есеппен мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенше 19 мың сағат теледидар алдында отырады деген сөз.
Орта есеппен бір күнде балаларымыз 17 өлім, 37 мейірімсіздікке толы көріністерді көреді екен. Мұндай хабарлар балалардың дүниетанымының, логикасы мен психикасының қалыптасуына теріс әсерін тигізетіні анық.
Мысалы, Барселона елінде үш жасөспірім теледидардан көріп, өздерін таңдандырған «трюкті» жасаған. Кешке қарай олар көшеге пластикалық лента байлап қойып, ол лентадан өтіп бара жатқан мотоциклшінің мойнын кесіп түсіргеніне қарап, қызықтап тұрған. Ал мотоциклші сол жерде қаза тапқан. Шетел түгілі мұндай жайттар өз елімізде де белең алып келеді.
Қазақ қонақ келсе төрден орын беріп, құдайындай сыйлап, балаларын меймандармен жағаластырмай, бөлек бөлмеге кіргізіп, қонақ кеткенше ым-жымдарын білдірмеген. Алайда, қазіргі таңда бір үйге қонаққа бара қалсаңыз, алдыңнан қылышын ұстап «Ниндзя-Черепаханың» немесе «Суперменнің»  сойылын соғып, алдыңнан шыға келер тентектерден мезі боласың. Бәрінің ойын не адам емес, не құбыжық емес қалыпта бейнеленген шетелдің мультфильмдері жаулап алған. Ал бұған тойтарыс беруге ұлттық өнімдеріміздің қауқары жоқ.
Отандық мультфильмдер заман көшіне ілесе алмай, артта қалып қойғаны мәлім. Батыстың арзанқол дүниелерінің бала санасын жаулап алғаны соншалық, қазақстандық мультипликаторлар жасаған дүниелерді мүлде қарамайды, көруге деген ынталары төмендеп кеткен. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демей ме? Тәуелсіздігімізді алып, ел көшінен қалмай, өркендеп келе жатқан тұста, мынадай сорақылықтың орын алып жатқаны жүрегіңді шымырлатып, сүйегіңді сыздатады екен. Мультфильм – жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Ақыл-ойы әлі қалыптаспаған сәби үшін озбырлыққа толы көріністерді көру оның өсіп жетілуіне, психологиясына өз әсерін тигізбей қоймайтыны анық. Мұны көріп өскен бала ұлттық құндылықтарымызды, рухани болмысымызды, ана тілімізді, салт-дәстүрімізді не қылсын?
Қазақтың баласы тамырынан қол үзіп қалмасын десек, ұлттық нақыштағы, бүлдіршіндерді қызықтыра білетін, бір көргенде елітіп әкететін мультфильмдер түсіру керек. Өскелең ұрпақтың парасатты тұлға болып қалыптасуына көгілдір экранның тигізетін әсері мол. Сондықтан да, ел боламыз десек, экранымызды түзеуіміз керек.
 
Гүлнұр Әлиева
28 наурыз 2021 ж. 472 0