№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕНДІ ЭКРАНДЫ ТҮЗЕСЕК ЕКЕН...

ЕНДІ ЭКРАНДЫ ТҮЗЕСЕК ЕКЕН...



Жақында отандық психологтар балалар үшін ең қауіпті үш мультфильмнің тізімін жасады. Мамандар бала экрандағы болып жатқан жайға сеніммен қарайтынын басты назарға алды. Сонымен бірге олар сол кейіпкерлерге жиі ұқсағысы келетінін, балалар үшін ол өмірдегі адам ба, әлде қиялдағы персонаж ба, бәрібір екенін алға тартуда. Психологтардың пікірінше, көш басында ресейлік «Маша мен аю» мультфильмі балалар үшін ең қауіпті болып саналады. Өйткені мультфильмдегі Маша қыз ерке әрі тәртіпсіз. Ойындағысын орындамай қоймайтын шолжаң.

Жасыратыны жоқ, таңертең көзімізді аша-сала теледидарды қосып, қарсы алдына баламызды қонжитып қойғанды қолай көреміз. Оның шашетек кесір-кесапатын ойлап әуре болып жатқан ешкім жоқ. Сондағымыз, мазасыз Машаға бала-шағамызбен мәз боламыз. Мәселен, бірде қонаққа барсақ, дастархан басына жайғасқан соң сол үйдің кенжесі келді. Ата-анасы ол қызды еркелетіп, «Біздің Машамыз келді, бұл бұзықты бәріміз «Маша» деп атаймыз» деді. Шыны керек, қонақтан қайтқанша әлгі «Маша» ата-анасын тыңдамай, әбден әлек қылып, онысына өзі ішек-сілесі қата мәз болып, сайықмазақтықтың неше атасын шығарып, сайраңдап жүрді. Бір сәт ойланып қараңызшы...Тынымсыз Маша аю байғұстың үйіне келіп бәрін төгіп-шашып, ойына келгенінің бәрін істеп бағады. Осы мультфильмді көріп отырған сіздің ойыңызға «Машаның үйі жоқ па? Анасы неге іздемейді екен?» деген сауал туындайды ма? Негізі мұндай «Машалар» көп үйде бар шығар-ау, сірә!. Бұл бір.
Ал, енді екінші орынға психологтар америкалық «Монстар Хай» мультфильмін жатқызады. Ондағы жағымды кейіпкерлердің өзі басқа кейіпкерлерді өлтіріп, қылмыс жасайды. Зұлымдыққа барады. Әлі толық жетілмеген бала сол кейіпкерге ұқсағысы келіп, келешекте қатыгездікке бармасына кім кепіл? Оған қоса, қаншама зұлымдық, қаншама қылмыс жасаған сүйікті кейіпкерлері ешбір жазаланбайды. Бұдан бала санасында «дәл осылай жасасам, мені ешкім жазаламайды» деген түсінік қалыптасары айқын.
Үшінші орында – «Губка боб», психологтардың пікірінше, мультфильмнің басты кейіпкері үнемі жанжалға бейім. Бұзық Боб қашанда достарына қарсы шығып, олармен дауласып жүреді.
Қысқасы, қай-қайсысын алсақ та, болашақ ұрпақ үшін өзіндік кері әсері бар екенін байқаймыз. Әрине, бала болған соң, мультфильм көргенді ұнатады. Айналасынмен танысып үлгермеген бала үшін бәрі таңсық, бәрі қызық. Не десек те, қазақ халқында жеке адамның азамат болып қалыптасуында, қоғамның сүттей ұйып, берекелі ғұмыр кешуінде және сол қоғамның адами қағидаларды берік ұстана отырып дамуында қариялар мен ақ жаулықты әжелердің рөлі зор болған. Сондықтан да сөз соңын Сыр елінің ишаны Қалжан ахунның айтқанымен аяқтасақ.
«Қазақтың баласы еш уақытта адаспайды, егер ол екі медреседен сабақ алса. Яғни, біріншісі атасы, екіншісі әжесі. Осы екі медреседен тәлім-тәрбие алған бала хайырлы ұрпақ болары хақ» деген екен дін білгірі. Әрине, тереңінен түсінгенге мол тағлым жатыр. Ұлт боламыз десек, ұлттық әлеуметтік институттарды қайта жаңғыртқан игі. Ардақты әз әже, артыңызға бір қараңызшы, түріктің таусылмайтын телехикаясы мен үндінің аңыраған актері сіздің алтын уақытты ұрлауда. Оның орнына өткенді еске түсіріп, бұрынғының аңыз-әңгімесі мен тартымды қиссаларын қиыстырып қарадомалақтардың қамын ойласаңыз.
26 қаңтар 2019 ж. 879 0