№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАУІП ҚАЙДА ДЕСЕҢІЗ…

ҚАУІП ҚАЙДА ДЕСЕҢІЗ…


Қазір дерт атаулының көбейгені соншалықты, кейде ауруды қайдан жұқтырғаныңызды нақ басып айта алмайсыз. Мәселен сауда орталығына бір күн барып, ертесіне бір ай ауруханада жатуыңыз әбден мүмкін. Өйткені азық-түлік салатын арбалар аурудың көзі көрінеді. Осы мәселеге көз жеткізгісі келген америкалық дәрігерлер ұзаққа созылған зерттеулер жүргізген соң жағасын ұстапты.

Әрбір қоларба – өз алдына микробиологиялық әлем. Ғалымдар осындай баға беріп отыр. Олар зерттеулерінде тұтынушылардың алған заттары салынған арбалардың жартысынан астамы ауру асқындыратын құбыжықтарға толы болып шыққан. «Біз таңғалатын жағдай, қоларбаның тұтқасының ластығы сондай, ол қоғамдық әжетханадан да былғаныш болып шықты», – дейді бактерия жөніндегі сарапшы Чак Гарба.
Сұмдықтың бәрі – супермаркетте. Тексерушы орындар тоңазытқыштар мен мұздатқыштарды, сөрелерді, азық-түлік түрлерін тексеруге міндетті. Ал қоларбаның тазалығын қадағалайтын адам жоқ. Тіпті арбалар тұтынушылар шағым жасаса да сүртілмейді екен.
Мысалы ресейлік супермаркеттерде не болып жатыр? Осы мәселені жанжақты зерттеген мамандардың жүрегі айныған. «Қаптаған тұтынушылар күні бойы ауруды асқындаратын аурулармен бірге жүреді. Арба тұтқаларында адам шошырлық аурулардың белгілері бар. Алтын түстес стафилококк және бактерияның бір бөлігі осында», – дейді мамандар.
Осы секілді зерттеулер Ресейде де жүргізіліпті. Микробиологтар метро есігінен, автобус тұтқаларынан, тіпті қоғамдық әжетханалардың отырғыштарынан да үлгілер алған. Нәтижесінде ең лас қоларба тұтқалары болып шыққан. Ол әрбір адамға қауіп төндіреді. Тіпті ота жасатуға дейін баратындар ұшырасады.
Мамандардың айтуынша, супермаркеттерде балаларға өте сақ болу керек. Олар арбада отырып әрнәрсені ұстауға, тіпті темірді тілімен жалауға өте әуес. Үйге келген соң, қолдарын өте мұқият жуған жөн.
Бір рет қолданатын қолғап кию міндетті емес. Бірақ бактерияның көпшілігі тұтқада болғандықтан қарапайым гигиеналық талаптарды сақтаған дұрыс көрінеді.

20 маусым 2018 ж. 872 0