№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Еңбекпен бірге есейген

Еңбекпен бірге есейген

Өмірде өнегесімен, қоғамға тигізген пайдасымен, жұртқа істеген жақсы ісімен есте қалатын адамдар болады. Олардың өзі өмірден өтсе де, есімі ел аузында жүреді. Мен көрген азаматтар ішіндегі осындай жандардың бірі Шахман Байниязов болатын.
Шахман Байниязов 1912 жылы Жаңақорған ауданының топырағында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Шахаңды соғысқа жібермей броньмен арнайы алып қалып, сол кездегі МТС-ке қалдырған  болатын. Осы жұмысты ұйымдастырып, ХТЗ тракторларын әкеліп, оны меңгеру, олардың жүруіне басшылық жасап, аянбай тер төкті.
Ұлы Отан соғысына ер азаматтардың дені аттанып, елде қалғандарды жұмысқа тарту, трактор айдауды үйренуге  топ жасақтады. Қыз-келіншектер – Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 2 рет депутаты болған, Ленин орденді, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Жаңақорған ауданында ең алғаш трактор айдауды меңгерген механизатор, еңбек ардагері Халипа Түлкібаева, еңбек ардагерлері Қаншайым Еспенбетова, Құндызай Қарынбаева, Шырынкүл Қазанбаева, Әнипа Байменова сынды еңбек майталмандарының ХТЗ тракторын меңгеріп отыруына осы кісінің қамқорлығы зор.
Кейін Төменарық өңірінде МТС бөлімшесі ашылып, оны ұйымдастыру, жұмысына Шахман Байниязов жетекшілік жасады. Темірдің тілін меңгерген Шахман ата басшылықтың сенімін ақтап, аянбай еңбек етті.
Төменарық өңірінде бидай, тары, жүгері, жоңышқа және күріш дақылдарын уақтылы егу, жинап алу, шөп ору, тасу жұмыстарын жолға қойып, ерекше іскерлік, қабілетімен танылған, табанды, еңбекке берілген қасиетімен шептің алдыңғы қатарында болды.
Қыс мезгілінде колхоздың сиыры мен қойы, отарларға шөп, жем-су жеткізіп беру жауапкершілігін мойнына алып, еш шаршамай техниканың ақауын тездетіп жөндеп, аянбай халық үшін еңбек етті.
Шахман атамыз Екпінді колхозында мініс атқа жегілетін, шөп оратын механизм ойластырып, елдің ішінде ұстахана ашып, Сүйіндіков Жәуке деген көрікші ұстамен елге кәсіп үйретті.
Бір сөзбен айтқанда темірден түйін түйген, жұртпен тіл табысқыш, өз ісіне адал, тынымсыз, еңбекқор жан бола білді.
1995 жылы совхоз құрылғанда Рақым Сүлейменов бригаданың механигі етіп Шахман Байниязовты жұмысқа алады. Бригада техникаларына басшылық жасады. Екпінді бөлімшесі 300-га жерге күріш егіп, оған күтім жасап, жинап, мемлекетке жиналған өнімді құйып отырды.
Байниязов Шахман ақылшы ұстаз болып, өзінің ізбасарлары, механизаторлар Жолдас Тәжібаев, Шәрібек Балқожаев, Кеңес Құдайбергенов, Нәлібай Сәрсенов, Тәңірберген Жұмабековтерді тәрбиелеп, олар осы кезге дейін Шәкеңнің еңбектерін айтып отырады.
Шахман ағаның күрес, әсіресе қазақша күреске жаны құмар болатын. Көпшілік жерде екі бала кездесіп қалса, дереу күрестіріп, күшін сынап, жеңгеніне қалтасынан сый беретін.
Көзін көрген еңбек ардагері Аманбай Сатыбалдиев Шәкеңді трактордың бұзылған жерін даусынан танитын, істемей тұрған жерін айтып беретін ерекше қабілеті бар еді деп еске алады.
Бағдат Бекжұманұлы,
еңбек ардагері.
Сунақата ауылы.
14 наурыз 2021 ж. 524 0