Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 535

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » “Сергек” болса сенімді болар едік

“Сергек” болса сенімді болар едік


«Сергек» камералары рұқсатты жылдамдықты арттыру, қызылға өту, жол белгілері мен жолақтардың талаптарын бұзу, рұқсат етілмеген жерде тоқтау мен тұру секілді заң бұзушылықтарды тіркеп, көлік иесіне айыппұл жазып беретін «ақылды құрылғы». Көрші Түркістан облысында «Сергек» камерасы орнатылған 2 күннің ішінде жылдамдықты асыру бойынша 25 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жүргізушілерге 500 мың теңгеге жуық айыппұл салынса, Алматы қаласында 8 күннің ішінде жол ережесін бұзған алматылықтарға 42 миллион теңге айыппұл салынған. Аталған қалаларда «Сергек» камерасы жылдамдығын асырып жарысатындарға да, бейберекет жүретіндерге де тосқауыл қойып отыр. Бұны бейнебақылаушы компания да, қалалық әкімшілік пен полиция қызметкерлері де байқаған. Осындай камералар кент ішіне де орнатылса, жүргізуші де, жаяу жүргінші де айыппұл төлемес үшін де тәртіпке келіп қалар еді.

Түйін. Қазақта «Жол қадірін жүр­ген білер» демекші, экономиканың күретамыры, байланыстың алтын арқауы, алысты жақындатып, жақынды бауыр еткен жолдың мәселесі шешілді. Ендігі кезек тұрғындардың еншісінде. Әрбір азамат ортақ жауапкершілікті сезініп, қауіпсіздікті сақтағанда ғана қоғамда тыныштық орнайды.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
13 наурыз 2021 ж. 785 0