№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

№10 (8924) 7

07 ақпан 2026 ж.

№9 (8923) 3

03 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Сергек тағы неге жауапты?

Сергек тағы неге жауапты?

Міне қызық. Енді Алматыда күшейтілген карантин режимін бұзғандарды «Сергек» камералары анықтап, жауапқа тартатын болады. Бұл туралы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов айтты.

«Біз «Сергек» камералары түсірген бейнежазбаларды қолданатын боламыз. Бізде бұл камералар қаланың периметрі бойынша барлық 27 блокпостта орнатылған. Біз мегаполиске кіріп-шыққандарды қадағалаймыз және планшеттерге енгіземіз. Сондай-ақ, қаланың ішінде де «Сергек» жүйесін қолданатын боламыз. Бұл бейнежазбалар бізге сотта адамның карантиндік режимді бұзғанын дәлелдеу үшін қажет», – дейді Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, қалада карантиндік шараларды күшейту үшін қала ішінде 26 бекет ұйымдастырылады.
30 наурыз 2020 ж. 738 0