№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Батыс Қазақстанда декларация тапсырмаған 285 мемқызметкер айыппұл төледі

Батыс Қазақстанда декларация тапсырмаған 285 мемқызметкер айыппұл төледі

Батыс Қазақстанда декларация тапсырмаған 285 мемқызметкер айыппұл төледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында соңғы 3 жылда өз табысы мен мүлкі туралы декларацияны уақытылы тапсырмаған 285 мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік кірістер департаменті 24 миллион теңге айыппұл салып, толықтай өндіріп алған. Бұл туралы 24kz сайтына "Жаңақорған тынысы" сілтеме жасап хабарлайды.

Мезгілінде кірістерін жария етпегендердің көпшілігі мемлекеттік қызметтен босатылғандар екен. Тиісті заңнамаға 2016 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес түрлі теріс себеппен қызметтен кеткендер де 3 жыл бойы декларация тапсырып тұруы тиіс. Ал мемлекеттік қызмет істері департаменті былтыр табысын жұрттан жасырған 44 тұлғаны анықтаса, биыл жыл басынан бері 24 лауазым иесіне шара қолданыпты.

«Ағымдағы жылы 26 наурызға сәйкес мәлімет бойынша 24 әкімшілік хаттама толтырған. Оның 15-і – жаңағыдай мемлекеттік қызметтен теріс себеппен босатылған адамдар. Жалпы қазіргі кезде 946 мың теңгеге айыппұл салынса, соның 45 пайызы өз еріктерімен айыппұлдарын төледі», - дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО департаменті басшысының орынбасары Аманқос Жұбаныш.
 
31 наурыз 2019 ж. 824 0