Жоғары жылдамдық үшін қанша айыппұл төленеді?
Заң бойынша жылдамдықты белгіленген қалыптан 10 км/сағатқа дейін көтеруге ерік беріледі.
Ал одан асса, айыппұл төленеді. Нақты айтсақ:
•10-20 км/сағаттан асырғанда 5 АЕК айыппұл;
•20-40 км/сағаттан асырғанда 10 АЕК мөлшеріндегі айыппұл;
•40 км/сағ. артық – 20 АЕК (1 жыл ішінде қайта бұзған жағдайда – 30 АЕК) айыппұл салынады.
Айта кетейік, 2018 жылы АЕК мөлшері 2 405 теңгені құрайды. Сондай-ақ, жол қауіпсіздік ережелерін бұзғанда салынатын барлық айыппұл түрімен арнайы порталда танысуға болады. Егер, ЖПП жүргізушіге айыппұл салса, оны шешім шыққан күннен бастап 30 күн ішінде төлеуге міндетті. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуымен немесе ЖПП қызметкерінің тоқтату себептерімен келіспеген жағдайда, жүргізуші бұл туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада жазбаша баяндап, арыздануға құқылы.
Ақпарат көзі: m.egov.kz

Пікір 67