Жауапкершіліктен қашпашы «ӘКЕ»
Иә,шаңырағы шайқалып, заңды некенің бұзылуының кең өріс алған уақытында оның ең ауыр зардабы балаға әсер етеді. Оның үстіне толыққанды отбасында тәлім-тәрбие алмаған баланың психикасы бұзылады. Оның дәл осы оқиғаны келешекте өзі басынан өткермесіне кім кепіл???
Сөзімізге дәлел ретінде отбасылық өмірі қосағымен жараспай, нәтижесінде алимент төлеуді қиынсынатын ауданымыздағы 12 «қашқын» әкені айтуға болады. Олар қиналғаны соншалық өз балаларына көмектесуден бас тартуда. Қатыгез тіршіліктің ауыр тауқыметі басына түскен әйелдер болса амалсыздан сотқа шағымданады. Әрине, алиментті сот тәртібімен өндіріп алу занның талабы.
Осы тұста онсызда тағдыр тәлкегіне түскен аналарға мәселенің шешімін табуда сот орындаушылары қолдан келген көмекті көрсетеді. Тәжірибе мен біліктіліктіліктің арқасында «қашқын» әкенің жұмыс істейтін, тұратын орнын анықтап, басқа қажетті деректер жинау үшін қаншама уақытын сарп етеді. Осыншама ауқымды іс-әрекет ана мен баланың қамы үшін болғандықтан сот орындаушылары қашан да бастаған істің нәтижелі болуына баса назар аударады.
Жуырда Жаңақорған аудандық прокуратурасы және жеке сот орындаушылардың бастамасымен аудан көлемінде алимент бойынша қаскөй борышкерлердің тұрғылықты мекенжайлары анықталып, алимент төлемеген жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделгендігі жөнінде заң талаптары түсіндіріліп, тиісті хабарламалар таратылды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қодексінің 669-бабының 1-бөлігіне сәйкес 20 әкенің алимент төлемегені, олардың әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны белгілі.Өткен жылы да 7 борышкер осы тектес жауаптылыққа тартылған болатын.
2021 жылдың 21 – 22 қаңтар аралығында Жаңақорған ауданы Прокуратурасынын бастамасымен мобильдік топ қурылды. Жұмыс барысында Жаңақорған кенті, Бесарық, Ақүйік, Жайылма ауылдық округтері бойынша қызыл денгейдегі қиын борышкерлердің мекен-жайларын араладық. Нәтижесінде отбасына қайта қосылып, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқандығы отбасыларды анықтадық. Сәйкесінше, бұл жағдай қаралатын істер қатарынан қыскартылды. Ал мекен-жайында жоқ борышкерлерге іздестіру шаралары жүргізіліп, отбасы мүшелерінен және туыстарынан тусінік алынды. Оларға алимент өз уақытысында төленбеген жағдайда борышкер әкімшілік қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.
Сондай-ақ, осы тақырыпта барлығы 60 үнпарақша таратылып, түсіндірме жұмыстары қоса жүргізілді.
Жүргізілген түсіндірме жұмыстары мен мобильдік топ жұмысының қорытындысы бойынша Жаңақорған аудандық прокуратурасының прокуроры Н.Оразметов, заңгер, адвокат Д.Тұрабаев, медиаторлар А.Баймуратов, О.Ускенбаева, сот орындаушылар Н.Мейірбекова, А.Нұрғалиеваның қатысуымен «ӘКЕ БОЛУ ОҢАЙ, ӘКЕ БОЛЫП ҚАЛУ ҚИЫН» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде талқыланып, жұмыс жоспары бекітілді. Мақсат — отбасы тағдырыұлт тағдыры,келешек тағдыры екенін ұғындыру. Сондықтан сіз бен біз болып әр отбасының іргетасы мықты қалануына бірге атсалысайық.
Нұрхан ОРАЗМЕТОВ
Жаңақорған аудандық прокуратурасының прокуроры