«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Алимент төлеуші борышкерлердің қатары жыл сайын көбейіп келеді

Алимент төлеуші борышкерлердің қатары жыл сайын көбейіп келеді

Жалпы Жаңақорғанда алимент төлеуші борышкерлердің қатары жыл сайын көбейіп келеді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек аудан бойынша борышкерлер саны 200-ден асты. Сондықтан прокуратура тарапынан қадағалауды күшейттік.

Мұндай жағ­дайға олар туған перзентіне али­мент төлемей, жауапкершіліктен жалтарғаны үшін ұшырап отыр. Бірақ шешілмеген мәселе де жоқ емес. Мәселен, 2016 жылдан бастап алимент бойынша қозғалыссыз тұрған атқару құжаты бойынша өндіріп алушы азаматша Г-ның пайдасына 1 балаға 1,7 млн теңге берешектің төленуі қамтамасыз етілді. Әрі екі бүлдіршіннің мүліктік мұқтаждықтарының мәселесі шешілді.
Яғни енгізілген прокурорлық ықпал ету актісінің нәтижесімен борыш­керге тиесілі тұрғын үй берешек төлем­нің есебінен өндірліп, оның бұрынғы некеде болған жұбайының атына аударылды. Алимент төлеуден жалтарған 8 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, борышкерлер түрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл салынады, не болмаса қамауға алы­нады.
Сондай-ақ 20 борышкер проку­ратура қызметкерлерінің жеке қабылдауынан кейін балаларына төлеуге тиіс қаржыларын төлеп, алдағы кезеңдерде заң бұзушылыққа жол бермейтінін білдірді. Жеке сот орындаушыларымен алимент бойынша қарыз қалыптасқан 75 борышкердің жылжитын және жылжымайтын мүліктеріне, 46 борышкердің Қазақстан Республикасының аумағынан шығуына тыйым салынды.
Әрине өмір болған соң, түрлі жағдайлар орын алады. Сезімдері алып-ұшып тұрып шаңырақ көтерген екі жастың бір-біріне деген сыйластық пен сенімінің жоғалуының соңы ажырасумен аяқталады. Олар алдағы уақытта бақытын тауып кетер, бірақ ортадағы көздері жәудіреген перзенттерін тұл жетім етіп, шарасыз күйге түсіретіні өкінішті.
Әрбір азамат шаңырақ көтеруге жауапкершілікпен қарап, отбасының тірегі, нәзік жандылар сол отбасының ұйтқысы болса, мұндай мәселелер туындамас еді. Медиациямен де татуласуға да болады. Бірақ біздің міндет алименттен жалтарған борышкерлерге заң жүзінде шара қолдану.
Сөз соңында айтарым, «бала бауыр етің» дегендей онсызда өмірдің не екенін түсінбей, ата-аналарының жауапсыздығынан жазықсыз өмірден соққы алған жасөспірімдердің ең болмаса әркімге жатсындырмай, өмірде қажеттілігіне мұқтаж болып өспеуіне жағдай жасайық, жігіттер. Бұл сіздердің міндеттеріңіз. Мұқтаждықтан жылатып, жәутендетпейік! Әйтпесе қандай борышкер болсын бәрібір жауаптылықтан құтылмайды...

Нұрхан ОРАЗМЕТОВ,
Жаңақорған аудандық прокуратурасының прокуроры
06 маусым 2020 ж. 446 0